A- A A+
Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Қаз  | Рус
Бауман ауылы әкімінің 2017 жыл бойынша атқарған жұмысы және 2018 жылға арналған міндеттер туралы есебі

БЕКIТЕМIН
Егiндiкөл ауданының әкiмi
____________ Н. Төлепов
«___» _________ 2017 жыл

Құрметтi жерлестер!

Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Әкiмдердiң халыққа есеп беру кездесулерiн өткiзу туралы» 2013 жылғы 15 тамыздағы № 615 Жарлығына сәйкес жыл сайын қаңтар айында аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтер, сондай-ақ кенттер мен ауыл әкiмдерiнiң халыққа есеп беру кездесулерi өткiзiледi.

Билiк пен халық арасындағы бұл дәстүрлi диалог бiздiң атқарған жұмысымыз туралы халықты хабардар етiп қана қоймайды, сонымен қатар жоспарымызға уақытылы түзетулер енгiзуге мүмкiндiк бередi.

Сiздерге Бауман ауылының 2017 жыл бойынша әлеуметтiк-экономикалық дамуы және 2018 жылға арналған мiндеттер туралы баяндауға рұқсат етiңiздер.

Ауыл әкiмi және әкiм аппаратының мамандары өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi басшылыққа алады.

Ауыл әкiмi аппаратының және Бауман орта мектебiнiң ғимараттарында жергiлiктi өкiлеттi органдардың жұмысы туралы ұсыныстар, ескертулер мен пiкiрлерге арналған жәшiктер орнатылған. Есептi кезеңде жәшiкте өтiнiштер болған жоқ. 2017 жылғы 24 қаңтарда өткен есептi кездесуде тұрғындардан сауалдар түскен жоқ.

Азаматтардың өтiнiштерi, арыздарын қарау жөнiндегi жұмыстар «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Заңына сәйкес жүргiзiледi. 2017 жылы 11 өтiнiш түстi, оның iшiнде 3 — жазбаша, 8 — ауызша. Жеке тұлғалардан 10 өтiнiш, заңды тұлғалардан 1 өтiнiш түстi. Өтiнiштер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен әлеуметтiк сипаттағы мәселелерге қатысты болды. Барлық өтiнiштер мерзiмiнде қаралды және қанағаттандырылды.

Ауыл әкiмi аппаратының ұйымдастыру жұмыстары келесi бағытта жүргiзiледi: жоспарлау және iс жүргiзу, азаматтарды жеке мәселелерi бойынша қабылдау, жиындар ұйымдастыру және өткiзу, ауылды абаттандыру және санитарлық тазалау, әлеуметтiк көмек көрсетудi ұйымдастыру, айтулы даталарды мерекелеу, салық жинау, туу және қайтыс болуға есеп жүргiзу, мектеп, қоғамдық ұйымдар, шаруа қожалықтарымен өзара жұмыс жүргiзу, құқық түсiндiру жұмыстары.

Ауыл әкiмi 48 өкiм шығарды және 1 шешiм қабылдады. Есептi кезеңде 58 нотариалдық әрекет жасалды.

Жеке қосалқы шаруашылықтың, автокөлiктiң бар-жоғы туралы деректер жинау, тұрғындарды құжаттандыру және т.б. бойынша аулаларды жоспарлы аралау жүргiзiледi.

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға Бауман ауылында 216 аула бар, халықтың саны 668 адамды құрайды, олардың iшiнде жұмыс iстейтiндер — 342 адам, зейнеткерлер — 95 адам, 18 жасқа дейiнгi балалар — 216 адам, бюджеттiк сала қызметкерлерлерi — 40 адам, мүгедектер — 15 адам, сайлаушылар — 458 адам.

2017 жылғы 1 желтоқсандағы жағдайға жеке шаруашылықтағы мал саны төмендегiдей: IҚМ — 531 бас, қой — 445 бас, жылқы — 261 бас, шошқа — 1632 бас, құс — 2376.

Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы алатындар:

Тыл еңбеккерлерi — 7 адам, 4 және одан көп балалары бар аналар — 3 отбасы, «Алтын алқа», «Күмiс алқамен» марапатталған көп балалы аналар — 7 адам, интернационалист — жауынгерлер — 2 адам, қайтыс болған ҰОС ардагерлерiнiң жесiрi — 1 адам, 1, 2, 3-топтың мүгедектерi –15 адам, асыраушысынан айырылуы бойынша — 10 адам, қуғын-сүргiнге ұшырағандар — 1 адам.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметтер туралы Заңына сәйкес есептi кезеңде Бауман ауылы әкiмiнiң аппараты электрондық үкiмет порталы арқылы жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы 47 анықтама алуға көмек көрсеттi.

2017 жылы 5 ауылдық жиын өткiзiлдi: ауыл әкiмiнiң Бауман ауылының 2016 жылғы әлеуметтiк-экономикалық дамуы және 2017 жылға арналған мiндеттер туралы есебi, жеке сектордың мал жайылымы, ауылды абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау, iс-шараларды айқындау және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкiмдерiнiң 2017 жылға арналған жергiлiктi өзiн-өзi басқару функцияларын iске асыруға бағытталған ақшаның түсiмi мен шығыстарының жоспарын құрастыру туралы, ауыл тұрғындары өкiлдерiнiң жиыны және т.б.

Ауыл тұрғындары көтерген барлық мәселелер бойынша жиындарда шешiмдер қабылданды.

Ауылды абаттандыру бойынша төмендегiдей жұмыстар атқарылды.

«Бөбек» бала бақшасының қасбетiне, Мәдениет үйi, сауда орталығына iшiнара жөндеу жүргiзiлдi. Тұрғын үйлердiң қасбеттерi жөнделдi. Ауыл тұрғындарының ауласынан 2920 тонна қоқыс пен қи шығарылды, 4 бiрлiк техника жұмыс iстедi, техниканы «Бауманское-07» ЖШС бөлдi. 20 түп үйеңкi, ауылдық әкiмдiктiң аумағына 10 түп жұпаргүл отырғызылды. 40 ш.м. гүлдер отырғызылды.

Бауман ауылына кiре берiстегi баннер ауыстырылды. Пушкин көшесi бойынша 5 жарық диодты шамдар орнатылды, Бейбiтшiлiк көшесi бойынша 5 дана ЖКУ-250 шамы орнатылды.

Ауылды абаттандыру жұмыстары жалғастырылуда және тұрақты бақылауда. Бауман ауылындағы шарбақты қоршауларды ауыстыру, бұзылған үйлер мен ғимараттардың орнын абаттандыру, қоқыстарды тиеу және шығару, Степан Разин көшесi және Комсомол көшесi жолының учаскесiн ағымдағы жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама дайындалды.

Ауыл аумағындағы басты кәсiпорын шаруашылық жүргiзушi субъектi — «Бауманское-07» ЖШС болып табылады, оның ауыл шаруашылығы жер көлемi — 75620 га. 2017 жылы егiстiк көлемi — 42435 га құрады. Қазақтың ақ бас тұқымды 1074 бас IҚМ, 121 бас жылқы, 319 бас асыл тұқымды қой, 91 шошқа бар.

Жұмыс iстейтiндер саны — 270 адам, оның iшiнде мал шаруашылығы кешенiнде — 18 адам. «Бөбек» бала бақшасы, наубайхана, дәмхана, Мәдениет үйi, қоғамдық монша жұмыс iстейдi, тұрғындарға ауыз су және техникалық су жеткiзiледi және басқа да қызметтер көрсетiледi.

Есептi кезеңде «Бауманское-07» ЖШС-мен 1 944 761 теңге сомасына 11 меморандум жасалды (9-мамыр Жеңiс күнiн мерекелеуге әлеуметтiк көмек, оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуге әлеуметтiк көмек, көше-жол жүйесiн күтiп-ұстау, жалғызiлiктi зейнеткер Ф.Ахметшинаға көмiр сатып алу және жеткiзу, Наурыз мейрамын мерекелеу, Балаларды қорғау күнiн мерекелеу, спортшыларды Ауыл күнiне Алакөл ауылына тасымалдау ақысы, Бауман орта мектебiнiң 1-сынып оқушыларын мектеп жабыдқытарымен қамтамасыз ету, Қарттар мен мүгедектер күнiне iс-шаралар өткiзу).

Ауылдың әкiмшiлiк шекарасында жалпы көлемi 4453 га құрайтын 7 шаруа (фермер) қожалығы тiркелген. Егiстiк алқабының көлемi 3428 га құрайды. Шаруа қожалықтарының басшыларымен 705 500 теңге сомасына 9 меморандум жасалды (су тасқынынан зардап шеккендерге әлеуметтiк көмек, спорт командасы үшiн кеудешелер мен бейсболкаларға логотип желiмдеу үшiн «Егiндiкөл info» ЖШС ақшалай қаражат бөлу, футбол командасына доп сатып алу, Қарттар мен мүгедектер күнiне iс-шаралар өткiзу, Балаларды қорғау күнiн мерекелеу, мектеп жанындағы алаңдарға баратын балаларды тегiн тамақпен қамтамасыз ету, сондай-ақ 2017-2018 оқу жылында 1-11-сынып оқушыларын тегiн ыстық тамақпен қамтамасыз етуге үлестiк қатысу, ҚР мемлекеттiк елтаңбасын сатып алу, Бауман ауылының дәрiханасына тоңазытқыш сатып алу).

5 жеке кәсiпкер бар, 4-еуi саудамен, 1-еуi жолаушылар тасымалымен айналысады. Жеке кәсiпкерлермен 3 меморандум жасалды (Бауман ауылында Балаларды қорғау күнiн мерекелеу бойынша iс-шаралар өткiзуге 11 000 теңге сомасына).

Бауман ауылында 216 нөмiрге арналған цифрлық телефон станциясы жұмыс iстейдi. Барлық нөмiрлер қолданыста, заңды тұлғалар бойынша — 21 абонент, жеке тұлғалар — 195 абонент, 3 сымсыз телефон орнатылды, жалпы аулалар санының 88% телефондандырылды. 32 портқа арналған жоғары жылдамдықты «Мегалайн» интернет желiсi жұмыс iстейдi, қазiргi уақытта оны ұлғайту жұмыстары аяқталуда. «Beeline» ұялы байланыс желiсi жұмыс iстейдi, 2016 жылғы тамызда 2Q станциясы 3QH-ке ауыстырылды.

ОТАU TV ҚР ұлттық жерсерiктiк телевизиясының қондырғысы орнатылды, барлығы 47 жиынтық орнатылды.

Бауман ауылында 105 оқушы және мектепалды даярлық сыныбында 10 бала оқитын орта мектеп жұмыс iстейдi, онда 21 мұғалiм еңбек етедi. Спорт секциялары, кiтапхана, футбол алаңы жұмыс iстейдi. 2017-2018 жылдарға 1-11-сынып оқушыларын тегiн ыстық тамақпен қамтамасыз етуге 1 065 000 теңге сомасына меморандумдар жасалды: «Бауманское-07» ЖШС 865 000 теңге, «Жер» ш/қ 150 000 теңге, «Семенча» ш/қ 50 000 теңге.

«Бөбек» бала бақшасы бар, 2 топ құрылған: кiшi топ (1-3 жастағылар) — 17 бала және жоғарғы топ (4-6 жастағылар) –15 бала, барлығы 32 бала.

Бауман ауылының тұрғындарына 1 адам жұмыс iстейтiн медициналық пункт қызмет көрсетедi. Жылжымалы флюороқондырғы ауыл тұрғындарын жыл сайын флюоротексеруден өткiзедi, сондай-ақ жылжымалы медициналық амбулатория барлық жастағы тұрғындарды дәрiгерлiк тексеруден өткiзедi. 5 жасқа дейiнгi және Д-есепте тұрған балалар тегiн қордан дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етiлген.

Ауылда мәдени-ағарту жұмыстарымен кiтапхана және ауылдық клуб айналысады. Ауылдық кiтапханада 7816 дана кiтап бар, әр түрлi сұрақ-жауап ойындары, ауызша журналдар өткiзiледi. Клубта түрлi концерттер өткiзiледi, үйiрмелер жұмыс iстейдi.

8-наурыз — Халықаралық әйелдер күнiне арналған мерекелiк iс-шаралар дайындалды және өткiзiлдi (концерт, ертеңгiлiк).

21-наурызда «Наурыз мейрамы» мерекелендi, мерекелiк концерт, мерекелiк сауда, спорттық iс-шаралар өткiзiлдi, «Бауманское — 07» ЖШС 125 500 теңге сомасына демеушiлiк көмек көрсеттi.

Жеңiс күнiн мерекелеуге арналған мерекелiк iс-шаралар дайындалды және өткiзiлдi (концерт, жоғары сынып оқушыларының ән және сап байқауы, оқушылардың театрландырылған қойылымдары, мерекелiк түскi ас), ҰОС ардагерiнiң жесiрi, интернационалист-жауынгерлер және тыл еңбеккерлерi шақырылды. «Бауманское — 07» ЖШС 117 900 теңге сомасына демеушiлiк көмек көрсеттi.

Балаларды қорғау күнiне арналған iс-шаралар өткiзiлдi, концерт ұйымдастырылды, ойындар ойналып, асфальтқа суреттер салынды. Балаларға сыйлықтар табыс етiлдi. Мерекенiң жыл сайынғы демеушiлер жеке кәсiпкерлер, «Жер», «Семенча» шаруа қожалықтары, «Бауманское-07» ЖШС болды, 91 000 теңге сомасына демеушiлiк көмек көрсетiлдi.

1 қыркүйекте «Бiлiм күнi» өткiзiлдi, бiрiншi сынып оқушыларына 51 000 теңге сомасына сыйлықтар табыс етiлдi. Қаражатты «Бауманское-07» ЖШС бөлдi.

26-қазанда Қарттар мен мүгедектер күнiне iс-шаралар өткiзiлдi, демеушiсi «Бауманское-07» ЖШС болды, мерекелiк түскi ас, концерт ұйымдастырылды. Қайырымдылықтың жалпы сомасы 313 000 теңгенi құрады.

2017 жылы аз қамтылған отбасы Соболевская Маргаритаға «Өрлеу» жобасы бойынша атаулы әлеуметтiк көмек көрсетiлдi, 134 544 теңге төлендi.

Думина Аннаға 5-бала туғаны үшiн 11 345 теңге сомасында материалдық көмек көрсетiлдi, Силантьев Сергейге (Ауған соғысына қатысушы) медициналық емделуден өтуi үшiн 61 623 теңге сомасында материалдық көмек көрсетiлдi.

Ауылда дене шынықтыру мен спортты дамытуға көп көңiл бөлiнедi. Спорттың әр түрiнен қысқы спартакиада өткiзiлдi, сондай-ақ футбол және волейболдан турнирлер өткiзiледi. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi күнiне Бауман ауылында баскетболдан аудандық жарыстар өткiзiлдi. Ауыл командасы аудандық жарыстарға үнемi қатысып, жүлделi орындарға ие болуда. Спорттық iс-шаралар өткiзуге «Бауманское-07» ЖШС демеушiлiк көмек көрсетедi.

2018 жылға арналған жоспарлар:

1. Ауылды абаттандыру (өндiрiстiк және өндiрiстiк емес ғимараттардың қасбеттерiн, қоршауларын жөндеу, ауылдың iшкi жолдарын жөндеу) жұмыстарын жүргiзу.

2. Тұрғын үйлерге су құбырын жүргiзудi жалғастыру.

3. Мал моласын рәсiмдеуге көмек көрсету.

4. Балалардың ойын алаңындағы шағын сәулет нысандарын сырлау.

5. Ауыл тұрғындарының аулаларынан қи мен қоқыс шығару.

6. Степан Разин және Комсомол көшелерi жолдарының учаскелерiн ағымдағы жөндеу.

7. Қада қоршауларды ауыстыру.

8. Бұзылған үйлер мен ғимараттардың орнын абаттандыру, қоқысты тиеу және шығару.

9. Мал сою цехын салу.

Бүгiн тек Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы ғана сыртқы сiлкiнiстерге орнықты, тиiмдi экономиканың нақты негiзi болуға қабылеттi.

Бауман ауылының өз дамуында зор болашағы бар, және ауылдастармен бiрлескен ынтымақтастықтың арқасында ғана бiз ауылдың өркендеуiне қол жеткiзе аламыз.

Бауман ауылының әкiмi                                                                                                                                                А. Мұхтар

Дата создания статьи: 09.04.2018 15:00
Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.04.2018 15:00
Қаралым саны: 912

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2018 Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы: Ақмола обл. Егіндікөл ауд. Егіндікөл ауылы. Победа көшесі 6 индекс: 020699

Телефон: 8 (71642) 2-13-42;

Электрондық пошта адресі: egindykol_kanz@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 8 (71642) 2-17-03 телефон арқылы хабарласуға болады:

Жиі қойылатын сұрақтар