A- A A+
Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Қаз  | Рус
Абай ауылы әкімінің 2017 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуы және 2018 жылға арналған міндеттер туралы есебі

БЕКIТЕМIН
Егiндiкөл ауданының әкiмi
_____________Н. Төлепов
«___»_____________20___ ж. 

Сiздерге 2017 жылы атқарылған жұмыстар және 2018 жылға жоспарланған жұмыстар туралы ақпарат беруге рұқсат етiңiздер.

2017 жылғы 19 қаңтарыңдағы алдыңғы кездесу барысында халықтан сұрақ түскен жоқ.ауыл әкiмi аппаратының ғимаратының кiре берiсiнде халықтан сұрақтар және ескертулер,ұсыныстар үшiн жәшiк орналасқан.

Есептi кезеңге Абай ауылында 24 аула бар, халықтын саны 74 адамды құрайды, олардың iшiнде 8 зейнеткер. Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы алатындар. Тыл еңбеккерлерiне теңестiрiлгендер — 1 адам, 1-3 топты мүгедектерi — 2 адам. Асыраушысынан айырылу бойынша — 2 адам.

Қазақстан Республикасының Президентi Назарбаев Н.А. жыл сайынғы халыққа жолдауында бiздiң азаматтардың әлеуметтiк — экономикалық әл-қуаты жақсарту үшiн тапсырмалар берiлдi. Тапсырмаларды iске асыру барысында келесi жұмыстар жүргiзiлдi:

-«Барлықтарына кәсiби — техникалық тегiн бiлiм» жоба щеңберiнде № 12 Егiндiкөл ауылы Агротехникалық колледжiне қайта оқыту бойынша қысқа мерзiмдi курстарға өздiгiнше жұмыспен қамтылған 3 адам жiберiлдi;

-Ауыл тұрғындарының арасында мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру туралы ақпаратты — түсiндiру жұмыстары жүргiзiлдi;

-Жаңа форматта адрестi әлеуметтiк көмек көрсету туралы халықпен әңгiме өткiзiлдi.

«100 нақты қадам- ұлт жоспары» сәйкес елде институциональдық бес реформа жүргiзiлуде. «Ашық Үкiмет» жетiлдiру жұмысы реформаның бiр бөлiгi болып табылады, мемлекеттiк органдардың есеп берушiлiгi және ашықтығы және де азаматтық қатысудың кеңейтуi.

2017 жылдың басынан Абай ауыл әкiм аппараты 5 түрлi мемлекеттiк қызмет көрсетедi:

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет Заңына сәйкес Абай ауылы әкiм аппараты мемлекеттiк қызметтiн 5 көрсетедi:

1.Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру- есептi кезенде 16 анықтама берiлдi.

2. Оқушыларды және тәрбиелеушiлердi жалпы бiлiм беру ұйымдарына және қайта үйiне тегiн жеткiзу — 5 бала қамтылды.

Үш мемлекеттiк қызмет бойынша: елдi мекен шегiнде объект құрылысы үшiн жер участкiсiн ұсыну, жер участкiсiн нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру, және сауда- саттықты (конкурстарды,аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекеттiк меншiгiндегi жер учаскелерiне құқық беру,халықтан үңдеу түскен жоқ.

Әкiмшiлiктiң ғимаратында «Е-gov» атты халыққа қол жеткiзу бұрышы құрылған. Бұл бұрыш қолжетiмдi мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құрылған, және де халық арасында электронды сауаттылығын арттыру барысында мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн жасалған.

Абай ауылы әкiмiнiң аппаратында азаматтардың өтiнiштерiне бiрiңғай есеп жүргiзудiң автоматтандырылған ақпараттық жүйесi (АӨЕЖ ААЖ) орнатылған. Есептi кезеңде жазбаша сұрақтар бойынша 1 адам ауызша сұрақтар бойынша: жеке тұлғалар — 4 адам, заңды тұлға — 1. Барлық мәселелер бойынша тиiстi шаралар қабылданды, барлық өтiнiштер толық көлемде заңмен белгiленген мерзiмде орындалды. Құжаттандыру, құжат ауыстыру бойынша жоспарлы жеке қосалқы шаруашылықты жазу аулаларды аралау жүргiзiледi. Жеке қосалқы шаруашылықты жазу электронды түрде жұргiзiледi.

Мемлекеттiк мекеме туралы Ережеге сәйкес, ауыл әкiмiнiң аппараты қызметтiк құжаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiң қарауды, жеке қабылдауға жазылған азаматтарды қабылдауды, органдармен құжат айналымын ұйымдастыруды, сондай-ақ ауыл әкiмiнiң нормативтiк құқықтық және әкiмшiлiк — басқару сипаттағы шешiм, өкiмдерiн дайындауды қамтамасыз етедi.

2017 жылы құжат айналымының жалпы көлемi қызметтiк хат-хабарларды, нормативтiк актiлер мен азаматтардың өтiнiштерiн қосқанда 431 бiрлiктi құрады. Ауыл әкiмi 44 өкiм, 3 шешiм қабылдады. Азаматтық хал актiлерiн тiркеу — туу, қайтыс болу, әкелiктi белгiлеу туралы, заңмен белгiленген тәртiпте уақытында жүзеге асырылады. Жыл басынан 1 тұған және 1 қайтыс болу жағдайы тiркелдi. Жерлеуге арналған жәрдемақы уақытында рәсiмделiп төлендi.

«Медиация туралы» Заңына сәйкес ауылдық деңгейде сотқа дейiнгi дауларды үлкен өмiрлiк тәжiрбиесi және мiнсiз беделi бар медиаторлар өткiзедi.Ауылда кәсiби емес медиаторларына өткiзiлген 1 медиатор сайланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу бағдарламасын жүзеге асыру iс-шаралар жоспарына сәйкес ауыл әкiмi аппаратында мемлекеттiк қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына жол бермеу сұрақтары бойынша лекциялар, дөңгелек стөлдер өткiзiледi.

Есептiк кезеңде жергiлiктi қоғамда 10 жиналыс өткiзiлдi, АБШ шотына түскен ақша қаражаттарының жұмсалуы мен түсуi туралы келiсiм жүргiзiлдi. Жоспар бойынша 2017 жылға АБШ шотына түскен ақша қаражаты 127 мың теңге соммасында жоспарланған.Есептiк кезеңде АБШ шотына 188 мың теңге түстi. Жергiлiктi қоғамдастық жиналысы деректер шешiмi бойынша ақшалай қаражат көше жарықтандыру шамдарын ұстауға және халыққа арналған ауыз су тасымалдауды төлеуге жұмсалған.

Табысы күнкөрiс шегiнен төмен және күнкөрiс шеңберiнде тұратын отбасыларды анықтау мақсатында, тоқсан сайын тұрғындардың әлеуметтiк картасы жасалады. Есептi кезеңге атаулы әлеуметтiк көмек алатындар тiркелген жоқ.

2017 жылы халықты әлеуметтiк қорғау саласында басты бағыты жұмыссыздарды және азқамтылған отбасыларды жұмыспен қамту болып табылады. Қысқа мерзiмдi курстар бойынша қайта оқыту № 12 Егiндiкөл ауылының " Агротехникалық колледжiне 3 адам жiберiлдi. Қоғамдық жұмыстарына 3 жұмыссыз алынып, кейiн жұмыспен қамтылды, 366 мың 885 теңге төлендi. Кедейлiк шегiнен тұратын отбасыларының үлесi 0% құрайды. Ауылда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағларламалар бөлiмiнен жалғызiлiктi қарттарға қызмет көрсету жөнiндегi әлеуметтiк қызметкер жұмыс iстейдi, барлығы 1 қарт адамға қызмет көрсетедi. 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күнiнде балалар мерекесiн өткiзуге «Ульянов» ЖК Ульянов В. ауылдың кiшкентай тұрғындары үшiн мерекелiк iс-шара мен шай ұйымдастырды. Қарт адамдарға ,әлеуметтiк қолдау айының күндерiнде, мүгедектерге және зейнеткерлерге 65 жастан асқан кезiнде өткiзу күндерiне арнап , аудандық мәслихаттың депутаты Достенов К. О. және ЖШС "Жалманқулақ — М" Экажев Р. М. демеушiлiк көмек көрсеттi сатып алынды және үйлерiне азық-түлiк пакеттерi таратылды.К.О.Достеновтың қатыстуымен шай iшу мен құттықтау және сыйлық тапсыру ұйымдастырылды.

Ауыл тұрғындарының негiзгi табыс көзi үй шаруашылығының үлесi болып табылады, табысы жалпы кiрiстер сомасындағы зейнетақы 36% құрайды және тағы басқа түрлi жәрдемақы 14% — ын құрайды, жалақы — 50%.

Коммуналдық мекемелердiң болмауына байланысты ауылда бөлiнген және бекiтiлген участкiлердi тазалауы мекеме кәсiпорындарымен және де ауыл әкiмi аппаратының мамандарымен, денсаулық қорғау жұмыскерлерi және де жеке меншiк үй иелерiмен өткiзiледi. Әр көшелерге мемлекеттiк және денсаулық сақтау қызметкерлерi арасынан жауаптылар бекiтiлдi. Әр аулаға үй жанындағы аумақты абаттандыру туралы ескерту таратылды. Көктемгi және күзгi көркейту айлығында 10 таза бейсенбiлiк және 4 сенбiлiк өткiзiлдi. Жұмыс iстемей тұрған объектiлер сыланып, жусандар қырқылды. 1 стелла сыланып, сырланып тәртiпке келтiрiлдi, кiре берiстегi билборд жаңартылды. 15 түп ағаш отырғызылды. Мира көшесiнде 40 ағаш түбi ақталды. Екi зиратты қоқыстан тазалау және сырлау қоршау жұмыстары жүргiзiлдi. Ауыл iшiндегi қураған ағаштарды шабу жұмыстары жүргiзiлдi. Ауыл тұрғындары үйлерiн ақтау қоршау және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргiздi. 008 бағдарлама бойынша көшенiң жарықтандыруын ұстауға 52 мың теңге бөлiндi. Тамыз айында техниқалык қызмет корсетiлдi. Есептi кезеңде көшенi жарықтандыратын 9 шам бар.

2018 жылға халықтың әлеуметтiк экономикалық әл ауқаты дамыту негiзгi мiндет болып саналады қайта оқыту бойынша қысқа мерзiмдi курстарға өздiгiнше жұмыспен қамтылған жастармен жұмыты жүргiзуiн жалғастыру, жалпы жұмыстағы өздiгiнше жұмыспен қамтылған азаматтарды жұмыс орнын ұйымдастыру және ары қарай жұмысқа орналастыруға көмек көрсету.

Мәдени-ағарту жұмыстарымен ауылдық кiтапхана айналысады, кiтап қоры 10157 кiтапты құрайды, ал мемлекеттiк тiлде 3415 кiтап. Биылғы жылда ауылдық кiтапханада көптеген мерекелiк iс-шаралар өткiзiлдi. Жаңғырудың үшiншi қағидасы, яғни халықты патриотизмге баулу мақсатындағы «Туған Жер» бағдарламасына сәйкес, ауылдық кiтапханада тұрғындар үшiн Наурызға арналған iс-шаралар, 9 мамырда «Мәңгiлiк полк» акциясы, «Қазақстанның бiртұтастығын нығайту факторы ретiндегi «Мәңгiлiк Ел» жалпы ұлттық, патриоттық идеясының құндылықты негiздерi» тақырыбындағы талқылау өттi.

Ауыл аумағындағы шаруашылық жүргiзу субъектiсi ауылшаруашылыққұрылым «Жалманкулак М» ЖШС болып табылады, ауылшаруашылық көлемi — 8547 га, оның iшiнде егiстiк жер 6195 га. Ауыл әкiмшiлiк шекарасында 11 жеке шаруа қожалығы тiркелген, жалпы көлемi 4697 га (егiстiк — 4557 га). Шағын кәсiпкерлiкпен 2 адам сауда саласында қызмет қөрсетумен азық-түлiкдүкенi және бiр жеке кәсiпкер жүк тасымалдаумен айналысады. Халықтың мұқтаждығына байланысты апта сайын «Шукуева»ЖК керектi азық-түлiк, нан өнiмдерiн жеткiзiп тұрады.

«Сыбаға», «Құлан», «Алтын Астық» халықты мемлекеттiк бағдарламаға тарту аясында мал шаруашылығын дамыту үшiн микрокредит алу үшiн кепiлдi мүлiктiң үлесi азына байланысты алу мүмкiн емес.Отбасылық бордақылау алаңын ашуы бағытында жұмыс жүргiзiлуде.

Абай ауыл әкiм аппараты барлыққазақстандық антикоррупциялық «Адал жол- Честный путь» атты марафонға қатысты. Марафонның басты мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру.Оқырмандардың кең ауқымдарына арналған БҚА «Сыбайлас жемқорлық: бұл не,және бұл осы күнге неге басты мәселе болып саналады?» тақырыбына мақала басылды.Осы марафонға қатысты әңгiме жүргiзiлдi.Стендерттерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы парақшалар орналастырылды, халыққа буклеттер таратылды. Мемлекеттiк және бюджеттiк қызмет жұмыскерлер арасында үнемi жемқорлық бойынша құқықбұзушылық туралы әңгiме жүргiзiледi.

Ауылда ең басты мәселе халықты сапалы ауыз сумен қамту болып тұр.Қазiргi уақытта ауылда су тасылмалы.

Халыққа қазiргi уақытта тасымал суды жеткiзудi «Егiндiкөл Су Арнасы» жүзеге асырады. Су қорының 25,10 және 6 кубтық сыйымдылығы бар. Қысқы кезеңге судың қорың 41 кубты құрайды.

- 2018 жылға арналған басымдылықтың бiрi — сапалы ауыз су мәселесiн барынша шешу.

- Қысқы кезеңде аудандық маңызы бар жолды қар алудан тазалау және жазғы кезендегi шөптi шабу жұмыстарын ұйымдастыру.

- Аумақты тазалау, көркейту, бұзылған ғимараттар мен үйлердiң келбеттерiн тиiстi қалыпқа келтiру, күл-қоқысты шығару.

- Жайылымды алқаптарды сақтау қалу бойынша жұмысты жалғастыру.

- Жас отбасыларды мал шаруашылығын дамыту үшiн және отбасылық бордақылау алаңын ашу бойынша мемлекеттiк бағдарламаға тарту.

Ауыл әкiмi                                                                                                                                                         Б. Абенов

Дата создания статьи: 09.04.2018 12:17
Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.04.2018 12:17
Қаралым саны: 490

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы Жеңіс көшесі, 6

Телефон: 8 (71642) 2-13-42;

Электрондық пошта адресі: egindykol_kanz@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 8 (71642) 2-17-03 телефон арқылы хабарласуға болады:

Жиі қойылатын сұрақтар