AA

Егіндікөл ауданының әкімшілігі

«Егіндікөл ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ 2017 жылдын есебі

Мемлекеттiк органдардың қызмет сапасын арттыру, қолжетiмдiлiгi мен тиiмдiлiгi халыққа ұсынылатын мемлекеттiк қызмет көрсетулерi негiзгi басымдылықтың бiрi болып табылады.

Халыққа мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын арттыру- жемқорлыққа қарсы тұру және халықтың мемлекеттiк қызметiне сенiмiн атқару үшiн маңызды қадам.

Мемлекеттiк қызмет келесi қадамдардан тұрады:

- көрсетiлетiн қызметтi алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бiр кемсiтушiлiксiз теңдей қол жеткiзуi;

- мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде төрешiлдiк пен созбұйдалық көрiнiстерiне жол бермеу;

- мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы есеп берушiлiк және ашықтық;

- мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң сапасы мен қолжетiмдiлiгi;

- мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiн үнемi жетiлдiру;

- мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiндегi үнемдiлiк және тиiмдiлiк.

Кәсiпкерлiк және өнеркәсiп бөлiмi мемлекеттiк қызмет көрсету кезеңiнде Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделген Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» 2015 жылғы 24 сәуiрдегi № 352 Заңын және бекiтiлген стандарттар мен регламенттердi басшылыққа алады.

2017 жылда мемлекеттiк қызметтер туралы өтiнiш түскен жоқ.

Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы ақпарат көпшiлiкке қолжетiмдi орындарда ақпаратты стендте, «Алтын астық» жергiлiктi газетте жарияланды.

Қажеттiлiгiне қарай ақпаратты стендтер жаңартылады,аудандық газетте мемлекеттiк қызмет стандарттарына енгiзiлген өзгерiстер туралы мақалалар жарияланады, «Мемлекеттiк қызметтер» сайтында ақпарат орналастырылды. Кезектесiп бiрiгiп ХҚКО қызметкерлерiмен жергiлiктi орындаушы органдар мамандарының арасында мемлекеттiк қызмет көрсету жұмыстарын жақсарту бойынша және де тiзiмге сәйкес мамандар бiлiктiлiгiн жоғарылату курстарын өтедi.

Халыққа ұсынылатын мемлекеттiк қызмет көрсетулерi мен өзектiлiгi мәселелерiн сапалы маңыздылығын ескере отырып, бөлiммен ұйымдастырушылық сипаты туралы шаралар қолданылады, өзуақытында

мемлекеттiк қызметтер көрсету орындау, бөлiмде мемлекеттiк қызмет көрсету кезiңде төрещiлдiк пен сөзбұйдалық көрiнiстерiне жол бермеу, мемлекеттiк қызмет көрсету процессiнде тұрақты жетiлдiруi.

Мақаланы құрған күні 26.02.2018 11:15
Мақаланы жаңартқан күні 26.02.2018 12:41
Қаралым саны: 1053
© 2020. Егіндікөл ауданының әкімшілігі