AA

Егіндікөл ауданының әкімшілігі

«Егіндікөл ауданының Сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ 2017 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

Мемлекеттiк органдар қызметiн жақсартудың негiзгi басымдықтарының бiрi халыққа ұсынылатын мемлекеттiк қызметтердiң сапасы, қолжетiмдiлiгi мен нәтижелiлiгi болып табылады.

Халыққа көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер сапасын жоғарылату — сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-әрекет ету және мемлекеттiк органдар қызметiне азаматтардың сенiмiн жоғарылатудың басты аспектiсi.

Мемлекеттiк қызметтер келесi негiзгi қағидаттар негiзiнде көрсетiледi:

- сапа мен қолжетiмдiлiк жүзеге асырылатын процестердiң тиiмдiлiгiн арттыру бойынша шаралардың маңызды шарты болады;

- портал арқылы, қағаз түрiнде түскен өтiнiштердi уақтылы тiркеу;

- мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерiн сақтау;

- көрсетiлетiн қызметтi алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бiр кемсiтушiлiксiз теңдей қол жеткiзуi;

- мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде төрешiлдiк пен созбұйдалық көрiнiстерiне жол бермеу;

- мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы есеп берушiлiк және ашықтық;

- мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң сапасы мен қолжетiмдiлiгi;

- мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiн үнемi жетiлдiру;

- мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiндегi үнемдiлiк және тиiмдiлiк;

- қызметтi тұтынушылар тарапынан шағымдар санын азайту бойынша шаралар қабылдау.

2017 жылы «Егiндiкөл ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi барлығы 115 мемлекеттiк қызмет көрсеттi, соның iшiнде:

-жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру — 101 дана;

-мемлекеттiк тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалға алған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою — 10 дана.

Газетте мемлекеттiк қызмет стандарттары бойынша 13 мақала жарияланды.

3 iс-шара (семинарлар, кеңестер) өткiзiлдi.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпарат бөлiмде баршаға көрiнетiн жерлерде мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарттары мен оларды көрсету тәртiбi бар ақпараттық стендте орналастырылған, сондай-ақ келушiлерге арналған электрондық үкiмет арқылы мемлекеттiк қызметтер алу мүмкiндiктерi, қызмет алушылардың мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасына шағымдану тәртiбi туралы ақпарат орнатылған стенд те бар.

2017 жылы мемлекеттiк қызметтердi тұтынушылардан «Егiндiкөл ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша шағымдар түскен жоқ.

Бөлiм басшысы                                                                                                                                                                М. Қарабұзауов

Мақаланы құрған күні 26.02.2018 11:35
Мақаланы жаңартқан күні 26.02.2018 12:44
Қаралым саны: 1185
© 2020. Егіндікөл ауданының әкімшілігі