A- A A+
Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Қаз  | Рус
Егіндікөл ауданының әкімі Ерлан Исабековтың үндеуі

Құрметті Егіндікөл ауданының тұрғындары!

 Өздеріңізге белгілі, коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты елде төтенше жағдай жарияланды, бірнеше өңірлерде карантиндік шаралар күшейтілді.

Ағымдағы жылдың 31 наурызында сағат 19.00-ден бастап Ақмола облысының аумағында карантин режимі енгізілді. Осыған орай:

1) елді мекендер бойынша жаяу және көлікте жүруді барынша шектеу;

2) сауда, дәріхана ұйымдарына бару кезінде, сондай-ақ жұмыс орындарында бір-бірінен кемінде 2 метр ара

қашықтықты және маскалық режимді сақтау;

3) респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері (тұмау, түшкіру, дене қызуы) пайда болған кезде дереу

медициналық көмекке жүгіну;

4) кәмелетке толмағандардың ересек адамдардың еріп жүруінсіз жүріп-тұруына тыйым салу белгіленді.

Біздің аудан аумағында да санитариялық-дезинфекциялық режим күшейтілген, ұйымдар, кәсіпорындар, дүкендерде дезинфекциялық заттар орнатылған, клиенттермен байланысы бар барлық қызметкерлер өз жұмыс орындарында міндетті түрде мынадай қорғау құралдарын пайдалануы тиіс: медициналық бетперде, резеңке қолғаптар, дезинфекциялаушы заттар.

Аудандық жедел штаб құрылды, коронавирустық инфекция анықталған жағдайлардағы іс-қимыл жоспары бекітілді. Аудандық ауруханада инфекция жұқтырды деген күдігі бар адамдарды орналастыратын изолятор бар, медициналық қызметкерлер жұмыс істеуге дайын, қажетті дәрі-дәрмек қоры жетерлік.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ ішкі істер органдарына көмек көрсету мақсатында Егіндікөл ауылында төтенше жағдай кезінде аудан ұйымдарының күшімен көшелерді кешкі патрульдеу ұйымдастырылды. Құқық бұзушылық, қылмыс немесе адамдардың көп жиналуы (5 адамнан артық), балалардың ересек адамдардың қарауынсыз жүрген белгілері анықталған жағдайда патрульдеушілер Полиция бөлімінің кезекшісіне хабарлайды.

Оқу кезеңі басталғаннан бастап аудан орталығының мектеп оқушылары Қашықтықтан оқытуға көшірілетін болады, қалған ауыл мектептері санитарлық-эпидемиялық іс-шараларды күшейте отырып, әдеттегі режимде жұмыс істейді.

Мемлекет осы қиын кезеңде азаматтар мен бизнесті қолдау жөнінде пәрменді шаралар қабылдауда екенін атап өткен жөн. Еліміздің президенті Қ. К. Тоқаев осы бағыттағы ары қарайғы қадамдар жөніндегі мәлімдемемен кеше сөз сөйледі:

1) АӘК қоса алғанда, зейнетақы мен жәрдемақы жылдық мәнде 10% - ға ұлғайтылатын болады (жалпы 200 миллиард теңгеге);

2) 3 млн. жуық қазақстандық ай сайын 42500 теңге алады, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар немесе бейресми жұмыс істегендер;

3) ММС жүйесінде медициналық көмек алу құқығы 1 шілдеге дейін ұзартылады;

4) тегін азық-түлік-тұрмыстық жиынтық алатын қазақстандықтардың тізімін кеңейтеді (800 мың адам);

5) фермерлер үшін көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін төмен ставкалар бойынша 70 және 100 миллиард теңге бөлінеді. Жеңілдетілген бағамен оларға дизель

отыны бөлінеді;

6) жұмыссыз қалған қазақстандықтарды жұмысқа орналастыру жоспарлануда. «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жұмысқа орналасуға дайын азаматтарға көтерме жәрдемақы

беріледі»;

7) банктер жауапкершілік танытып халыққа және бизнеске көмек көрсетуге шақырды. ШОБ үшін 6 айға еңбекақы төлеу қорынан салық есептеу мен төлеу тоқтатылады. 

Құрметті жерлестер!

Сіздің амандығыңыз бен денсаулығыңыз үшін Сіздерден барлық алдын - алу шараларын сақтауға шақырамын: қолды сабынмен үнемі жуу, үй-жайларды дезинфекциялау, медициналық бетперде кию, ЖРВИ белгілері бар адамдармен қарым-қатынасты болдырмау, ерекше қажеттілік болмаса үйден шықпау және т. б.

Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін заңнамада әкімшілік жауапкершілік көзделгенін ескертемін. Егіндікөл ауылында 3 тұрғынға қатысты елде жарияланған төтенше жағдай кезінде санитарлық-эпидемиялық талаптарды сақтамағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, бір адамға сот әкімшілік қамауға алуды тағайындады.

 

Құрметті Егіндікөлдіктер!

Тек бірлескен күшпен ғана біз осы күрделі кезеңді еңсере аламыз. Егер мемлекет, қоғам, азаматтар ұйымшылдық танытса және бірге әрекет ететін болса, бүгінде барлық қабылданған шаралар нәтиже береді.

#БізБіргеміз

Коронавирустық инфекцияға байланысты барлық сұрақтар бойынша аудан әкімінің орынбасары Көпжетерова Алтыншаш Арынғазықызына 8 (702) 161-38-34 телефоны бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.

Дүрбелеңді болдырмау мақсатында тек ресми дереккөздерге ғана сенім артуды сұраймыз.

Дата создания статьи: 13.04.2020 21:56
Парақтағы соңғы өзгерістер: 13.04.2020 21:57
Қаралым саны: 143

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2020 Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы: Ақмола обл. Егіндікөл ауд. Егіндікөл ауылы. Победа көшесі 6 индекс: 020699

Телефон: 8 (71642) 2-13-42;

Электрондық пошта адресі: egindykol_kanz@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 8 (71642) 2-17-03 телефон арқылы хабарласуға болады:

Жиі қойылатын сұрақтар