AA

Егіндікөл ауданының әкімшілігі

Ақмола облысы Егіндікөл ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы

«Ақмола облысы Егiндiкөл ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысын өзгерту туралы» Ақмола облысы әкiмдiгi қаулысының және Ақмола облыстық мәслихатының бiрлескен шешiмнiң жобасына баспасөз хабарламасы.

«Ақмола облысы Егiндiкөл ауданы Жалманқұлақ ауылдық округi Қоңыртүбек ауылын басқа қоныстар санатына көшiру туралы» Ақмола облысы әкiмдiгi қаулысының және Ақмола облыстық мәслихатының бiрлескен шешiмнiң жобасы (бұдан әрi-Жоба) «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы Заңының 12 бабына сәйкес, «Ақмола облысы Егiндiкөл ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысын өзгерту туралы» Егiндiкөл ауданы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 16 мамырдағы №а-5/88 қаулысының және Егiндiкөл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 16 мамырдағы №6С34/4 шешiмiнiң негiзiнде, Ақмола облысы әкiмдiгiмен әзiрлендi.

Жобамен Ақмола облысы Егiндiкөл ауданы Жалманқұлақ ауылдық округiнiң Қоныртүбек ауылын басқа қоныстар санатына жатқызу және есептiк деректерден шығару ұсынып отыр.

Жоба https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=1978131 мекен жайы бойынша «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.

Мақаланы құрған күні 17.10.2019 16:06
Мақаланы жаңартқан күні 17.10.2019 16:06
Қаралым саны: 814
© 2020. Егіндікөл ауданының әкімшілігі