A- A A+
Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Қаз  | Рус
Аудан туралы

Егіндікөл (Краснознамен) ауданының әкімдері 

Егiндiкөл, бастапқыда Краснознамен ауданы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесi Президиумының 1970 жылғы 4 желтоқсандағы Жарлығымен құрылған. Оның құрамына Астрахан ауданының Бесбидайық және Полтавский, Атбасар ауданының Қоржынкөл, Қорғалжын ауданының Абай, Армавир, Буревестник, Калинин, Коммунар, Краснознамен, Ушаков ауылдық Кеңестерi ендi. 1980 жылғы 28 шiлдеде Жұлдыз ауылдық кеңесi құрылды. Аудан құрылған кезде онда 15 елдi мекен болды, 16589 адам тұрды. Одан әрi олардың құрамы мен атауларында кейбiр өзгерiстер болды.

Ауданның атауында да өзгерiстер болды. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 14 қарашадағы № 3759 Жарлығымен Краснознамен ауданының атауы Егiндiкөл, Краснознаменское ауылы — Егiндiкөл болып өзгертiлдi.

Аудан Ақмола облысының оңтүстiк-батыс бөлiгiнде орналасқан және солтүстiгiнде Астрахан, шығысы мен оңтүстiгiнде — Қорғалжын, батысында — Атбасар аудандарымен шекараласады. Аумақтың аумағы 541, 185 га құрайды.

Рельефi — шамалы белестi жазықтық. Топырағы — қызыл қоңыр, сортаң.

Климаты шұғыл континентальды, ауаның температурасы қаңтарда — 17°-тан — 41°С дейiн, шiлдеде 20°-дан 35°С дейiн құбылады.

Аудан аумағында гидрографиялық жүйе нашар дамыған және уақытша шамалы суағарларға ұсынылған. Ауданда өзен жоқ, алайда Нұра өзенiнiң бассейнiнде таяз тұщы көлдер бар. Олардың iшiнде неғұрлым iрiлерi Жалманқұлақ, Қожакөл, Қоржанкөл, Жарлыкөл. Жалманқұлақ көлiнiң аумағы 15,8 ш.м. Су жинау аумағы 1380 ш.м., жағасы жайпақ, түбi лайлы, көлдiң маңайында қызыл қоңыр, карбонатты топырақ, онда түрлi дәндi шөптер, құрақ пен қамыс өседi. Судың ең жоғары деңгейi — сәуiр айында, ең төменгi деңгейi — қазанда, көлде суда жүзетiн құстар (қаз, үйрек, тырна, аққу) ұя салады.

Қожакөл көлiнiң аумағы 60 ш.м. су көп жылдары судың ең терең жерi 3 м, құрғақшылық жылдары — 0,4 м, су жинау аумағы 1380 ш.м. Көлге биiктiгi 3 метрге дейiн қамыс өскен, түбi лайлы, ал жағасы құмдауыт, жыл құстарының ұя салатын орны болып табылады. Жосалы — ауданның батыс бөлiгiндегi ақпайтын көл, аумағы 7,1 ш.м. Шамалы және қар суы есебiнен қорек алады. Жағасында құрақ пен қамыс өскен. Суы тұщы, мал суару үшiн қолданылады.

Ауданның басым бөлiгi ақ селеулi — бетегелi құрғақ дала аймағында орналасқан. Сортаң топырақта селеу, бетеге, жусан, көде, ойпауытта — еркекшөп, ешкiжапырақ және т.б. өседi. Түлкi, қасқыр, қоян, борсық, суыр, құр, бөдене, үкi мекен етедi, жазғы кезеңде киiктер кездеседi. Көлдерде — қаз, үйрек, тырна, аққу, балшықшы бар.

Тың және тыңайған жерлердi игеру кезеңiнде аумақтың басым бөлiгi жыртылды.

Аудан аграрлық.

Аудан экономикасының құрылымнда ауыл шаруашылығы 74,4% алады. Ауыл шаруашылығының басымдық бағыты — егiн шаруашылығы. Ауданның жер қоры 543978 га құрайды. Ауыл шаруашылығы маңызы бар жерлер — 87% (472119 га.). Жердiң бұл санаты 253 жер пайдаланушыға, соның iшiнде 222 шаруа қожалығы, 30 ЖШС, 1 мемлекеттiк сорт учаскесiне ұсынылған.

Ауданда өсiрiлетiн негiзгi ауыл шаруашылық дақылы жазғы бидай болып табылады, ол 96,4%, қалғаны — азықтық дақылды құрайды. Жалпы алғанда ауданның экономикалық ахуалы астық дақылдарының шығымына тәуелдi, себебi ауданда өнеркәсiп кәсiпорындары жоқ, сауда саласы — жеке меншiкте. Мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының қосымша саласы болып табылады.

01.06.2018 ж. шағын және орта бизнестiң 548 субъектiсi тiркелген, ол 2017 жылғы кезеңге қарағанда 95% құрайды, соның iшiнде:

жеке кәсiпкерлер — 247 адам;

шағын кәсiпкерлiктегi заңды тұлғалар — 43 адам;

орта кәсiпкерлiктегi заңды тұлғалар -2 адам;

шаруа және фермер қожалықтары — 256 адам.

Барлық шаруашылық және әлеуметтiк-тұрмыстық кешен негiзiнен тың және тыңайған жерлердi игеру жылдары құрылған. Тың игерудiң алғашқы жылдары Атбасар — Краснознаменское тар табанды темiр жолы салынған (2000 жылдардың басында бұзылған).

2018 жылғы 1 маусымға ауданда 9 елдi мекен бар, оларда 6139 адам тұрады.

Ауданда жалпы бiлiм беретiн 9 мектеп (6 орта мектеп, 1 орта мектеп-бақша, 2 негiзгi мектеп), аудандық аурухана, 11 медициналық пункт (10 ФП, 1 дәрiгерлiк амбулатория), Мәдениет үйi, 3 ауылдық клуб, спорт кешенi, 9 кiтапхана жұмыс iстейдi. Пошта және телеграф байланысы торабы бар.

Астық сақтайтын және өңдейтiн қуаты 150 мың тонна элеватор жұмыс iстейдi.

Аудан аумағында сәулеттiк, тарихи ескерткiштер бар. Егiндiкөл ауылының орталығында саяси қуғын-сүргiн құрбандарына, Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға арналған «Қаралы ана» ескерткiшi бар. Жалманқұлақ және Көркем ауылдарында Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқан жерлестерге арналған ескерткiш бар. Сұфы кесенесi — 19-ғасырдың ескерткiшi және Полтавское ауылыгдағы қорым — ерте палеолит.

Егiндiкөл ауылы 1971 жылы құрылған.

Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсi — 3 ауылдық округ, 6 ауыл.

Елдi мекендер — 9.

Жалпы аумағы — 541 185 га.

Соның iшiнде ауыл шаруашылық жерлерi — 518 646 га.

Олардың iшiнде егiстiк — 346 214 га.

Жайылым — 172 432 га.

Ауыл шаруашылық құрылымдары — 13:

«Целина-Агро» ЖШС, «СХП «Шарафутдинов и К» ЖШС, «Айдим» ЖШС, «Сарымсақты» ЖШС, «Бауманское-07» ЖШС, «Жалманқұлақ М» ЖШС, «Агролюкс-Абай» ЖШС, «Алтын Дан Шаруа» ЖШС, «Қоржынкөл-А» ЖШС, «Агростиль-Г» ЖШС, «Армавирский» ЖШС, «Ушаково Агро» ЖШС, «СХП Ушаково» ЖШС.

Ауданда:

6 орта мектеп, 2 орта мектеп-бақша, 1 бастауыш мектеп,

2 бала бақша, 6 шағын орталық

Орталық аудандық аурухана, 1 дәрiгерлiк амбулатория, 11 медициналық пункт

«Казпочта» ААҚ ПБАТ, 7 пошта бөлiмшелерi

«Казахтелеком» АҚ АТТ, «Актив», «Билайн», «Теле2» ұялы байланыс

Мәдениет үйi, 3 ауылдық клуб, 9 кiтапхана

«Отан» спорт кешенi, БЖСМ, стадион

Егiндiкөл элеваторы бар.

Қызмет көрсету саласы:

10 монша, 3 дәрiхана, 5 шаштараз, жолаушылар тасымалы — 15, дүкен — 103, дәмхана — 5, наубайхана — 9

ЖҚС — 3, ТҚКС — 4

1.06.2018 жылға халық саны — 6139 адам.

Суға қажеттiлiк айына — 12 393 м3

2018 жылғы 1 маусымға өнеркәсiп өнiмдерi өндiрiсiнiң нақты көлем индексi 120,6% құрады.

Өнеркәсiп өнiмдерiнiң көлемi үй шаруашылығын ескергенде қолданыстағы бағамен 264,2 млн. теңгенi немесе өткен жылдың тиiстi кезеңiмен салыстырғанда 96,7% (328,1 млн. теңге).

2018 жылғы 1 маусымға ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң жалпы көлемi 770 млн. теңгенi құрады,өткен жылғы кезеңге қарағанда — 730,8 млн. теңге

2018 жылғы 1 маусымға малдың барлық түрi мен құстың саны:

Атауы Саны, бас 2018 ж. 2017 жылға қарағанда %
ІҚМ 8698 101,6
Соның ішінде сиырлар 4187 108,2
Шошқа 6300 98,4
Қой 8783 103,7
Жылқы 2707 105,5
Құс 10200 98,5

2018 жылғы 1 маусымға негiзгi капиталға салынған нвестиция 597,2 млн.теңгенi құрады, (2017ж. — 732,9 млн. теңге), соның iшiнде республикалық бюджет есебiнен — 4,8 мың теңге, меншiктi қаражат — 410,9 млн. теңге, басқа қарыз қаражат — 181,5 млн. теңге.

Табыс бойынша болжам 3,6 % орындалған жоқ (96,4 % орындалды), (жоспардағы 91707 мың теңге — 88497,8 мың теңге түстi — орындалмау заңды тұлғалардың әлеуметтiк салығы, көлiк салығы, бiрыңғай жер салығы есебiнен).

Бюджеттiң шығыс бөлiмi 97,6% орындалды (жоспардағы 483303,3 мың теңге, кассалық атқарылу 471853 мың теңгенi құрады).

 

Дата создания статьи: 27.01.2018 17:04
Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.10.2018 12:23
Қаралым саны: 1526

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы: Ақмола обл. Егіндікөл ауд. Егіндікөл ауылы. Победа көшесі 6 индекс: 020699

Телефон: 8 (71642) 2-13-42;

Электрондық пошта адресі: egindykol_kanz@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 8 (71642) 2-17-03 телефон арқылы хабарласуға болады:

Жиі қойылатын сұрақтар