Егіндікөл ауданының әкімшілігі

2020 жылғы 1 қаңтарынан бастап төлемдердің көлемі арттыруы туралы

Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 04 желтоқсандағы «2020 - 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап:

зейнетақының ең төмен мөлшерi – 38 636 теңге; мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 16 839 теңге;

-жәрдемақы мен басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін айлық есептік

көрсеткіш (АЕК)– 2 651 теңге;

- базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін күнкөріс минимумының (КМ) шамасы – 31 183 теңге;

- жалақының ең төмен мөлшерi – 42 500 теңгеболып анықталған.

2020 жылғы 1 қаңтарынан бастап жасы бойынша және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері 7% -ға арттырылады.

2020 жылы жаңадан тағайындалған зейнетақы мөлшерін есептеу кезінде ескерілетін ең жоғары табыс 46 АЕК-тен аспауы керек(121 946 тенге).

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері; мүгедектік бойынша және асыраушысынан айрылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы; мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы, бала кезінен 1-ші топтағы мүгедек балаға күтім жасайтын отбасыларға (тұлғаларға) мемлекеттік жәрдемақы КМ мөлшерінің 5%-ға өсуіне байланысты 2020 жылғы 1 қаңтарынан бастап арттырылады.

№1 және №2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың мөлшері, бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы, бала бір жасқа толғанға дейін,оған күтім жасау бойынша мемлекеттік жәрдемақы, арнайы мемлекеттік жәрдемақылар, «Алтын алқа» алқасымен марапатталған көп балалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы, «Күміс алқа» немесе бұған дейін «Батыр ана» атағын алған және «1,2 дәрежеліАналық Даңқы» орденімен марапатталған, 2020 жылғы 1 қаңтарынан бастап АЕК мөлшерінің 5% өсуіне байланысты арттырылады.

(тенге)

  2019 г. мөлшері 2020 г. мөлшері
зейнетақының ең төмен мөлшерi 36 108 38 636
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері 16 037 16 839
айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 2 525 2 651
күнкөріс минимумының шамасы(КМ) 29 698 31 183
жалақының ең төмен мөлшерi 42 500 42 500

Мысалы, мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы(жалпы ауру):

(теңге)

  2019 г.мөлшері 2020 г.мөлшері
1 топ 57 021 59 872
2 топ 45 438 47 710
З топ 30 886 32 431

асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы:

(теңге)

  2019 г. мөлшері 2020 г. мөлшері
Асырауындағы 1 балаға 25 541 26 818
Асырауындағы 2 балаға 44 251 46 463
Асырауындағы 3 балаға 54 942 57 689
Асырауындағы 4 балаға 58 209 61 119
Асырауындағы 5 балаға 60 287 63 302
Асырауындағы 6 және одан көп балаға 62 663 65 797

баланың тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы:

(теңге)

  2019 г. мөлшері 2020 г. мөлшері
1-ші, 2-ші, 3-ші бала туу бойынша 95 950 100 738
4-ші және одан көп бала туу бойынша 159 075 167 013

Бала бір жасқа толғанға дейін, оның күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы:

(теңге)

  2019 г. мөлшері 2020 г. мөлшері
1 балаға күтімі бойынша 14 544 15 270
2-ші балаға күтімі бойынша 17 196 18 054
3-ші балаға күтімі бойынша 19 822 20 811
4-ші және одан көп балаға күтімі бойынша 22 473 23 594

Барлық сұрақтар бойынша әлеуметтік-еңбек саласындағы байланыс орталығына - 1411 «Азаматтарға арналған үкімет» қызметіне қоңырау шалуыңыз керек (тегін қоңырау). Жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9-дан 18-ге дейін.

Мақаланы құрған күні 10.12.2019 17:51
Мақаланы жаңартқан күні 10.12.2019 17:51
Қаралым саны: 196
© 2020. Егіндікөл ауданының әкімшілігі