A- A A+
Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Қаз  | Рус
Мемлекеттік мекеменің норма шығармашылық қызметі

ЖОБА

Егiндiкөл ауданының аумағында
қоғамдық тәртiптi қамтамасыз
етуге қатысатын азаматтарды
көтермелеу түрлерiн және
тәртiбiн анықтау туралы

«Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 3-бабы 2- тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Егiндiкөл ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Егiндiкөл ауданының аумағында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлерi 1 — қосымшаға сәйкес анықталсын.

2. Егiндiкөл ауданының аумағында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу тәртiбi 2 — қосымшаға сәйкес анықталсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Қ.Қасеновке жүктелсiн.

4. Осы қаулы Ақмола облысы Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Егiндiкөл ауданының әкiмi Н. Төлепов
Егiндiкөл ауданы әкiмдiгiнiң
2018 жылғы «___»________
№ __________ қаулысына
1-қосымша

Егiндiкөл ауданының аумағында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлерi

1. Егiндiкөл ауданы әкiмiнiң алғыс хаты.

2. Мөлшерi айлық есептiк көрсеткiштен 10-еседен аспайтын ақшалай сыйақы.

Егiндiкөл ауданы әкiмдiгiнiң
2018 жылғы «___»________
№ __________ қаулысына
2-қосымша

Егiндiкөл ауданының аумағында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу тәртiбi

1. Осы Тәртiп Егiндiкөл ауданы аумағында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудi ұйымдастыру мәселелерiн реттейдi.

2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Егiндiкөл ауданы әкiмдiгiнiң қаулысымен құрылған комиссия ( ары қарай — комиссия) қарайды.

3. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының iшкi iстер министрлiгi «Ақмола облысының iшкi iстер департаментi Егiндiкөл аудандық iшкi iстер бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi (ары қарай — IIБ) комиссияның қарауына енгiзедi.

4. Комиссия қабылдаған хаттамалық шешiм, көтермелеу үшiн негiз болып табылады.

5. Көтермелеу түрiн, оның iшiнде ақшалай сыйақы мөлшерiн, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiне, онымен немесе оның қатысуымен құқыққа қарсы әрекет нәтижесiнде келтiрiлуi мүмкiн залалдың алдын алған көлемiн есепке ала отырып, комиссия белгiлейдi.

6. Ақшалай сыйақыны төлеудi IIБ облыстық бюджет есебiнен жүргiзедi.

7. Ақшалай сыйақыны төлеу үшiн IIБ бастығының комиссия қабылдаған шешiмге қосымша бұйрығы шығарылады.

8. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлестерi үшiн Егiндiкөл ауданы әкiмiнiң алғыс хатын табыстауды, ақшалай сыйақы берудi IIБ салтанатты түрде жүзеге асырады.

Дата создания статьи: 28.01.2018 16:54
Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.04.2018 17:27
Қаралым саны: 664

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы Жеңіс көшесі, 6

Телефон: 8 (71642) 2-13-42;

Электрондық пошта адресі: egindykol_kanz@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 8 (71642) 2-17-03 телефон арқылы хабарласуға болады:

Жиі қойылатын сұрақтар