A- A A+
Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Қаз  | Рус
«2018 жылдың үздік әлеуметтік қызметкері»

Егiндiкөл ауданында қарттар мен мүгедектердi әлеуметтiк қолдау айлығы аясында «2018 жылдың үздiк әлеуметтiк қызметкерi» кәсiби шеберлiк конкурсы өткiзiлдi, бұл iс-шараға ауданымыздың түрлi елдi мекендерiнен 8 әлеуметтiк қызметкер қатысты. Олардың әрқайсысы аудан бойынша қарттар мен мүгедектерге әлеуметтiк қызмет көрсетедi.

ҚР әлеуметтiк қорғау жүйесi қызметкерлерiнiң күнi — 2011 жылы бектiлiген және қазан айының соңғы жексенбiсiнде атап өтiлетiн жас кәсiби мерекелердiң бiрi. Бұл — басқалардың проблемаларын өздерi бiрiншi болып қабылдайтын және оларды шешуге көмектесетiн адамдардың мерекесi. Атап айтқанда солар мүгедектер және зейнеткерлермен айналысады.

Бұл әлеуметтiк қызметкерлер өздерiн актер, әншi және музыкант ретiнде көрсете бiлген шығармашылық финал болды. «Бiздiң ғаламшарымыз қараңғы әлемде ұшып келе жатқан қағаз ұшақ секiлдi. Оның бұл қараңғылықты ұшып өтуiне қолдау мен қамқорлық атты қанаттары көмектеседi» — бүгiнгi таңда әлеуметтiк қызметкерлердiң еңбегiн осылай бағалауға болады.

Жұмыстарының тығыздығына қарамастан — олардың торт пiсiру, кестелеу, тоқуға деген қызығушылықтары бар. Одан басқа қамқорлығындағы қарттарды қуантуға, олармен бiрге отырып шай iшiп, сырласуға уақыт табады.

Бұл жай ғана конкурс емес, бұл өздерiнiң жаңалықтары және кәсiби шеберлiгiмен тәжiрибе алмасу.

Конкурс қорытындысы бойынша келесi жеңiмпаздар анықталды:

1. Рудниченко Наталья Григорьевна «2018 жылдың үздiк әлеуметтiк қызметкерi» атағын иелендi.

1.Бiрiншi орынға Швыряева Валентина Сергеевна ие болды.

2.Екiншi орынды Хаждеу Анастасия Викторовна алды.

3.Үшiншi орынға Артемьева Ирина Тимофеевна ие болды.

Конкурстың барлық қатысушылары бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Дата создания статьи: 31.10.2018 12:02
Парақтағы соңғы өзгерістер: 31.10.2018 12:02
Қаралым саны: 589

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

 

@2019 Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы: Ақмола обл. Егіндікөл ауд. Егіндікөл ауылы. Победа көшесі 6 индекс: 020699

Телефон: 8 (71642) 2-13-42;

Электрондық пошта адресі: egindykol_kanz@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 8 (71642) 2-17-03 телефон арқылы хабарласуға болады:

Жиі қойылатын сұрақтар