A- A A+
Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Қаз  | Рус
2019 жылғы қаңтар-ақпанда Егіндікөл ауданы әкімі мен ауыл және ауылдық округ әкімдерінің есеп беру кездесулерінде айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат

Аудан әкімінің 22.02.2019 ж. № 19-н өкімімен бекітілген,
2019 жылғы қаңтар-ақпанда Егіндікөл ауданы әкімі мен ауыл және ауылдық округ әкімдерінің
есеп беру кездесулерінде айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат
(2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша)

р/с № Іс – шараның атауы Орындалу мерзімі Орындау үшін жауаптылар Өткізілген іс-шаралар
1. Егіндікөл ауылының ішіндегі жолдарды жөндеу туралы 2019 жылғы1 қарашаға дейін Қ.А. Шынтеміров,Егіндікөл ауылының әкімі Егіндікөл ауылының Линейная, Пушкин, Станционная және Южная көшелері бойынша аумағы 12,9 мың ш.м. ауыл ішіндегі жолдарды ағымдағы жөндеуге облыстық бюджеттен 20 млн.теңге бөлінді.Қазіргі уақытта ашық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша 3 әлеуетті өнім берушінің өтінімдері қаралуда. Жұмыстарды ү.ж. маусымда бастау жоспарлануда.
2. Егіндікөл ауылында және Спиридоновка ауылының Приозерная көшесі бойынша көшені жарықтандыруға қосымша шамдар орнату туралы 2019 жылғы1 маусымға дейін Б.М. Есмағамбетов,Егіндікөл ауылының әкімі Мемлекеттік сатып алуды өткізу ү.ж. сәуірге жоспарланған. Мамырда күн батареялы қосымша 14 дана шам сатып алу және Егіндікөл ауылына орнату жоспарлануда.
Спиридоновка ауылының әкімі Приозерная көшесіне қосымша шамдар орнату үшін 2018 жылы жергілікті өзін-өзі басқару қаражаты есебінен ұзындығы 500 м электрлі кабель сатып алынды, 2019 жылғы сәуірде жарық диодты прожекторлар сатып алу жоспарлануда. Қосымша жарықтандыруды орнату мамыр айына жоспарланды.
3. Полтавское ауылындағы су айдау мұнарасына электр қуатын беретін трансформаторлық жинақы қосалқы станцияны (ТЖҚС) ауыстыру, жөндеу туралы 2019 жылғы1 қыркүйекке дейін Қ.А. Шынтеміров,Алакөл ауылдық округінің әкімі, «Егіндікөл ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ ААЭЖ, ШЖҚ «Егіндікөл су арнасы» МКК қызметкерлерімен бірлесіп, ауыстыру және жөнделуге тиісті ТЖҚС жабдықтарының тізімі анықталды. Жөндеу жұмыстары ү.ж. сәуір-мамырда МКК қаражатына жүргізілетін болады.
4. Егіндікөл ауылындағы жастар саябағын жайластыру туралы 2019 жылғы1 қазанға дейін Қ.А. Шынтеміров,Егіндікөл ауылының әкімі 2018 жылы демеушілік қаражат есебінен саябақта тжаяужол плиткалары төселді, волейбол, балалар және спорт алаңдары орнатылды. Ү.ж. демеушілік қаражат есебінен қоршау, орныдықтар орнату, аумақты жарықтандыру және көгалдандыру жоспарлануда.
5. Егіндікөл-Абай жолының су тасқыны кезеңінде су шаятын учаскесін жөндеу туралы 2019 жылғы1 тамызға дейін Қ.А. Шынтеміров,Абай ауылының әкімі, «Егіндікөл ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ Су тасқыны кезеңінде судың кедергісіз өтуі үшін Абай ауылының әкімдігі ү.ж. наурызда су өткізу сақиналарын қардан тазартты.Жол учаскесіне ағымдағы жөндеу жүргізу үшін аудандық бюджетте 7,9 млн.теңге қарастырылды. Ү.ж. мамырда баға ұсынысы тәсілімен сатып алу жүргізіледі. Маусым айында жөндеу жұмыстарын бастау жоспарлануда.
6. Спиридоновка ауылындағы балалардың спорт алаңын көшіру туралы 2019 жылғы1 маусымға дейін А.А. Көбжетерова,Спиридоновка ауылының әкімі Спиридоновка ауылы әкімінің аппараты және тұрғындардың күшімен балалардың спорт алаңын көшіру ү.ж. мамыр айына жоспарланды.
7. Иесіз ғимараттарды есепке қою туралы 2019 жылғы1 желтоқсанға дейін Қ.А. Шынтеміров,Б.М. Есмағамбетов,«Егіндікөл ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ 2018 жылы иесіз мүліктің 15 объектісі анықталып, есепке қойылды, соның ішінде: Егіндікөл а. – 6 (5 пәтер және бұрынғы ОКТУ ғимараты), Абай а. – 6 (Тұрмыстық үй, қазандық, кеңсе және ауыл шаруашылық база ғимараты), Жалманқұлақ а/о - 3 (МТШ, 2 дүкен ғимараты).Заңға сәйкес аталған объектілер ауданның коммуналдық меншігіне қабылданады. Аудан бойынша иесіз мүлікті анықтау жұмыстары жалғастырылуда.
8. Қаңғып жүрген иттер мен мысықтарды аулау туралы 2019 жылғы1 желтоқсанға дейін Қ.А. Шынтеміров,«Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі» ММ Егіндікөл ауданы әкімдігінің «Егіндікөл ауданының елді мекендері бойынша қаңғып жүрген иттер мен мысықтарды аулау және жоюды ұйымдастыру туралы» 2019 жылғы 28 қаңтардағы № а-1/21 қаулысына сәйкес 1-жартыжылдыққа арналған тиісті жоспар-кесте жүзеге асырылуда, осы іс-шараларға аудандық бюджеттен 393 мың теңге бөлінді. 1-тоқсан бойынша 108 ит пен 27 мысық ауланды.
9. Қоржынкөл ауылындағы Днепропетров мектебінің спорт залын жөндеу туралы 2019 жылғы1 қазанға дейін А.А. Көбжетерова,«Егіндікөл ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ»,Қоржынкөл ауылының әкімі 2019 жылы құрылыс материалдарын сатып алу үшін аудандық бюджеттен 2 439 мың теңге бөлінді. Ү.ж. сәуірде конкурстық рәсімдер өткізу жоспарлануда. «Қоржынкөл-А» ЖШС кәсіпорны спорт залын жөндеуге демеушілік көмек көрсетеді. Жөндеу жұмыстарының басталу 2019 жылғы маусымға жоспарланды.

БАРЛЫҒЫ: 9 ұсыныс.

Дата создания статьи: 08.04.2019 15:44
Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.04.2019 15:44
Қаралым саны: 785

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы: Ақмола обл. Егіндікөл ауд. Егіндікөл ауылы. Победа көшесі 6 индекс: 020699

Телефон: 8 (71642) 2-13-42;

Электрондық пошта адресі: egindykol_kanz@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 8 (71642) 2-17-03 телефон арқылы хабарласуға болады:

Жиі қойылатын сұрақтар