A- A A+
Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Қаз  | Рус
Аудан әкімінің 22.02.2019 ж. № 19-н өкімімен бекітілген, 2019 жылғы қаңтар-ақпанда Егіндікөл ауданы әкімі мен ауыл және ауылдық округ әкімдерінің есеп беру кездесулерінде айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат (2020 жылғы 6 қаңтардағы жағдай бойынша)

Егіндікөл ауданы әкімінің
2020 жылғы 6 қаңтардағы
№ 4 өкіміне қосымша

Аудан әкімінің 22.02.2019 ж. № 19-н өкімімен бекітілген,
2019 жылғы қаңтар-ақпанда Егіндікөл ауданы әкімі мен ауыл және ауылдық округ әкімдерінің
есеп беру кездесулерінде айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат
(2020 жылғы 6 қаңтардағы жағдай бойынша)

р/с № Іс – шараның атауы Орындалу мерзімі Орындау үшін жауаптылар Өткізілген іс-шаралар
1. Егіндікөл ауылының ішіндегі жолдарды жөндеу туралы 2019 жылғы1 қарашаға дейін Қ.А. Шынтеміров,Егіндікөл ауылының әкіміА.Қ. Башенов Орындалды.2019 жылы Егіндікөл ауылының көшелеріне ағымдағы жөндеу жүргізу үшін облыстық бюджеттен 20 млн.теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша «ДорСтрой-01» ЖШС-мен шарт жасалып, Ленин, Линейная, Бейбітшілік, Жеңіс, Пушкин, Станционная, Степная, Школьная, Южная көшелері және шағын ауданда 18,4 мың ш.м. аумаққа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2. Егіндікөл ауылында және Спиридоновка ауылының Приозерная көшесі бойынша көшені жарықтандыруға қосымша шамдар орнату туралы 2019 жылғы31 шілдеге дейін Б.М. Есмағамбетов,Егіндікөл ауылының әкіміА.Қ. Башенов Орындалды.Егіндікөл ауылының Киров, Жамбыл, Бейбітшілік, Ленин, Нефтебазовская көшелеріне күн сәулелі батареялы 33 шам орнатылды. Орталық алаңда қолданыстағы тіректерге 4 дана жарық-диодты шамдар орнатылды.
Спиридоновка ауылының әкіміА.Қ. Жүсіпбеков Орындалды.Спиридоновка ауылының Приозерная көшесіне жарық-диодты 4 шам орнатылды.
3. Полтавское ауылындағы су айдау мұнарасына электр қуатын беретін трансформаторлық жинақы қосалқы станцияны (ТЖҚС) ауыстыру, жөндеу туралы 2019 жылғы1 қыркүйекке дейін Қ.А. Шынтеміров,Алакөл ауылдық округінің әкімі Ә.Қ.Смағұлов, «Егіндікөл ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ Орындалды.Полтавское ауылындағы су айдау мұнарасына электр қуатын беретін трансформаторлық жинақы қосалқы станцияға (ТЖҚС) ағымдағы жөндеу жүргізілді.
4. Егіндікөл ауылындағы жастар саябағын жайластыру туралы 2019 жылғы1 қазанға дейін Қ.А. Шынтеміров,Егіндікөл ауылының әкімі А.Қ.Башенов Орындалды.Егіндікөл ауылындағы Жастар саябағында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді, ағаштар мен көшеттер отырғызылды. Саябақ аумағында «Дамежан» дәмханасы іске қосылды, бейнебақылау камералары мен ауылдастардың дем алуына арналған орындықтар орнатылды. .
5. Егіндікөл-Абай жолының су тасқыны кезеңінде су шаятын учаскесін жөндеу туралы 2019 жылғы1 тамызға дейін Қ.А. Шынтеміров,Абай ауылының әкімі Б.Х.Абенов, «Егіндікөл ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ Орындалды.2019 жылы Егіндікөл-Абай жолдарының учаскесін жөндеуге 7,9 млн.теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша «Келес Инвест» ЖШС-мен шарт жасалып, диаметрі 1,5 метр темір бетонды су өткізу сақинасын орнату жұмыстары жүргізілді.
6. Спиридоновка ауылындағы балалардың спорт алаңын көшіру туралы 2019 жылғы31 шілдеге дейін А.А. Көбжетерова,Спиридоновка ауылының әкіміА.Қ.Жүсіпбеков Орындалды.Спиридоновка ауылының Бейбітшілік көшесінде балалардың спорт алаңы орнатылды.
7. Иесіз ғимараттарды есепке қою туралы 2019 жылғы1 желтоқсанға дейін Қ.А. Шынтеміров,Б.М. Есмағамбетов,«Егіндікөл ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ Орындалды.2019 жылы Егіндікөл ауылы бойынша – 2, Жалманқұлақ а/о – 3, Абай ауылы бойынша – 5 иесіз объекті коммуналдық меншікке қабылданды. Жүргізілген түгендеу аясында тағы 22 пайдаланылмай жатқан 22 жер учаскесі мен 4 иесіз объекті анықталып, есепке қойылды, жыл өткен соң сотқа талап арыз беріледі.
8. Қаңғып жүрген иттер мен мысықтарды аулау туралы 2019 жылғы1 желтоқсанға дейін Қ.А. Шынтеміров,«Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі» ММ Орындалды.Қаңғып жүрген иттер мен мсықытарды аулау бойынша жоспар-кесте бекітілді, оны орындау үшін 2019 жылы 260-тан астам иесіз қаңғып жүрген жануарлар ауланды және жойылды.
9. Қоржынкөл ауылындағы Днепропетров мектебінің спорт залын жөндеу туралы 2019 жылғы1 қазанға дейін А.А. Көбжетерова,«Егіндікөл ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ»,Қоржынкөл ауылының әкіміЖ.Мырзаматов Орындалды.2019 жылы құрылыс материалдарын сатып алу үшін аудандық бюджеттен 3 млн. теңге бөлінді. Жасалған меморандумға сәйкес Днепропетров ОМ спорт залын ағымдағы жөндеу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары «Қоржынкөл-А» ЖШС демеушілік қаражаты есебінен жүзеге асырылды.

БАРЛЫҒЫ: 9 ұсыныс.

Дата создания статьи: 10.01.2020 10:57
Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.01.2020 10:58
Қаралым саны: 503

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2020 Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы: Ақмола обл. Егіндікөл ауд. Егіндікөл ауылы. Победа көшесі 6 индекс: 020699

Телефон: 8 (71642) 2-13-42;

Электрондық пошта адресі: egindykol_kanz@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 8 (71642) 2-17-03 телефон арқылы хабарласуға болады:

Жиі қойылатын сұрақтар