A- A A+
Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Қаз  | Рус
Аудан әкімінің 22.02.2019 ж. № 19-н өкімімен бекітілген, 2019 жылғы қаңтар-ақпанда Егіндікөл ауданы әкімі мен ауыл және ауылдық округ әкімдерінің есеп беру кездесулерінде айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат (2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша)

Егіндікөл ауданы әкімінің
2019 жылғы 1 шілдедегң № 53
өкіміне қосымша

р/с № Іс – шараның атауы Орындалу мерзімі Орындау үшін жауаптылар Өткізілген іс-шаралар
1. Егіндікөл ауылының ішіндегі жолдарды жөндеу туралы 2019 жылғы1 қарашаға дейін Қ.А. Шынтеміров,Егіндікөл ауылының әкіміА.Қ. Башенов 23.04.2019 жылы ашық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша «ДорСтрой-01» ЖШС шарт жасалды. Сатып алудың жалпы сомасы 14 млн.теңгені құрайды. Жұмыстар атқарылды.
2. Егіндікөл ауылында және Спиридоновка ауылының Приозерная көшесі бойынша көшені жарықтандыруға қосымша шамдар орнату туралы 2019 жылғы31 шілдеге дейін Б.М. Есмағамбетов,Егіндікөл ауылының әкіміА.Қ. Башенов Күн батареялы шамдар орнату жұмыстары жүргізілуде (33 дана). Орталық алаңда бұрынғы қадаларға жарық-диодты лампалар орнатылады.
Спиридоновка ауылының әкіміА.Қ. Жүсіпбеков Жарық-диодты шамдар сатып алынды. Приозерная көшесіне орнату жұмыстары жүргізілуде.
3. Полтавское ауылындағы су айдау мұнарасына электр қуатын беретін трансформаторлық жинақы қосалқы станцияны (ТЖҚС) ауыстыру, жөндеу туралы 2019 жылғы1 қыркүйекке дейін Қ.А. Шынтеміров,Алакөл ауылдық округінің әкімі Ә.Қ.Смағұлов, «Егіндікөл ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ Полтавское және ауданның басқа ауылдарындағы ТЖҚС жөндеу үшін сметалық құжаттамалар әзірленді.
4. Егіндікөл ауылындағы жастар саябағын жайластыру туралы 2019 жылғы1 қазанға дейін Қ.А. Шынтеміров,Егіндікөл ауылының әкімі А.Қ.Башенов Саябақ аумағын қоршау, орындықтар орнату, жарықтандыру және көгалдандыру жұмыстарына сметалық есептеулер әзірленді. Жұмыстарды ү.ж. 29 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарлануда.
5. Егіндікөл-Абай жолының су тасқыны кезеңінде су шаятын учаскесін жөндеу туралы 2019 жылғы1 тамызға дейін Қ.А. Шынтеміров,Абай ауылының әкімі Б.Х.Абенов, «Егіндікөл ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ Баға ұсынысы тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша «Келес Инвест» ЖШС-мен 31.05.2019 жылы шарт жасалды. Сатып алудың жалпы сомасы 5,6 млн. теңгені құрайды. Жұмыстарды 2019 жылғы 1 тамызға дейін аяқтау жоспарлануда.
6. Спиридоновка ауылындағы балалардың спорт алаңын көшіру туралы 2019 жылғы31 шілдеге дейін А.А. Көбжетерова,Спиридоновка ауылының әкіміА.Қ.Жүсіпбеков Балалардың спорт алаңын ү.ж. 31 шілдеге дейін көшіру жоспарлануда. Одан бөлек, Егіндікөл ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімімен қосымша спорт алаңы сатып алынды, ол ауыстырылатын алаңмен бірге орнатылады.
7. Иесіз ғимараттарды есепке қою туралы 2019 жылғы1 желтоқсанға дейін Қ.А. Шынтеміров,Б.М. Есмағамбетов,«Егіндікөл ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ Ү.ж. сотқа объектілерді иесіз деп тану туралы талап арыздар жоллданды.Жаңадан Абай а. – 12, Спиридоновка а. – 23 объекті анықталды.
8. Қаңғып жүрген иттер мен мысықтарды аулау туралы 2019 жылғы1 желтоқсанға дейін Қ.А. Шынтеміров,«Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі» ММ 2019 жылғы 1-тоқсан бойынша 108 ит пен 27 мысық ауланды және жойылды (жоспар 100%). 2019 жылғы екінші жартыжылдықта қаңғып жүрген иттер мен мысықтарды аулуа бекітілген жоспар-кестеге сәйкес жүргізіледі.
9. Қоржынкөл ауылындағы Днепропетров мектебінің спорт залын жөндеу туралы 2019 жылғы1 қазанға дейін А.А. Көбжетерова,«Егіндікөл ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ»,Қоржынкөл ауылының әкіміЖ.Мырзаматов Құрылыс материалдарын сатып алу үшін аудандық бюджеттен қосымша 1 563 мың теңге бөлінді. Баға ұсынысы тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша жөндеу жұмыстары үшін құрылыс материалдары сатып алынды және жартылай жеткізілді. Жетіспейтін материалдар бойынша бір көзден шарт жасау жұмыстары жүргізілуде.

БАРЛЫҒЫ: 9 ұсыныс.

Дата создания статьи: 05.07.2019 15:28
Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.07.2019 15:28
Қаралым саны: 615

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы: Ақмола обл. Егіндікөл ауд. Егіндікөл ауылы. Победа көшесі 6 индекс: 020699

Телефон: 8 (71642) 2-13-42;

Электрондық пошта адресі: egindykol_kanz@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 8 (71642) 2-17-03 телефон арқылы хабарласуға болады:

Жиі қойылатын сұрақтар