A- A A+
Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Қаз  | Рус
Мемлекеттік орган туралы ақпарат

Өкiлеттiгi

«Егiндiкөл ауданы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — Егiндiкөл ауданы әкiмiнiң аппараты) аудан әкiмiнiң ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

«Егiндiкөл ауданы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бiрыңғай жүйесiне кiредi, аудан әкiмiнiң жұмыс, атқарушы органы болып табылады және оның басшылығымен жұмыс iстейдi.

Мемлекеттiк мекеме өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен тиiстi аумақта мiндеттi күшi бар шешiмдер, өкiмдер түрiндегi актiлер шығарады.

Мiндеттерi мен функциялары

1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң мемлекеттiк тәуелсiздiктi, конституциялық сапты қорғау мен нығайту, азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету жөнiндегi саясатын жүргiзу;

2) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Президент пен Үкiметтiң, аудан мен облыс әкiмi және әкiмдiктерi актiлерiнiң сөзсiз орындалуын ұйымдастыру және сөзсiз орындау;

3) ауданның әлеуметтiк-экономикалық даму стратегиясын жүзеге асыру, экономикалық реформа жүргiзу шараларын әзiрлеу, оны жүзеге асырудың техникасы мен тетiктерiн жетiлдiру;

4) атқарушы үкiмет органдары жұмысына жүйелi және әдiл талдау жүргiзу, аудан әкiмiнiң қатысуымен шешiлетiн негiзгi мәселелердi анықтау;

5) ауыл және ауылдық округ әкiмдерiнiң қызметiн үйлестiру, олардың жұмыстарының стилдерi мен әдiстерiн жетiлдiру, жергiлiктi атқару органдарының құзырына жататын мәселелердi шешудегi дербестiктi арттыру;

6) ауданның әлеуметтiк-экономикалық даму мәселелерiн талдау, саяси және әлеуметтiк-экономикалық процесстердi зерттеу, тиiстi ұсыныстар мен ұсынымдар әзiрлеу;

7) аудан әкiмiнiң аудандық мәслихатпен, мемлекеттiк басқару органдарымен өзара әрекет етуiн, оның қоғамдық, мәдени, дiни қозғалыстармен байланыстарын қамтамасыз ету;

8) заңдылық пен құқық қорғауды қамтамасыз ету мәселелерiне, конституциялық құқық пен мндеттердi жүзеге асыруға барынша көмек көрсету, мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн, қоғамдық тәртiптi нығайту жөнiндегi шараларды жүзеге асыру;

9) аудан әкiмiнiң кадрлық саясат жүргiзуiн, кадрлар резервiн қалыптастыру мен дайындауын қамтамасыз ету;

10) қызметтiк құжаттар мен азаматтардың өтiнiштерiн қарау, оларды қабылдауды ұйымдастыру, құжат айналымын талдау, ауыл және ауылдық округтердегi азаматтардың хаттарымен жұмыс жүргiзу жағдайын тексеру;

11) мемлекеттiк және орыс тiлдерiн дұрыс қолдануға бағытталған шараларды әзiрлеу және жүзеге асыру, iс жүргiзу ережелерiн сақтау, аудан әкiмi аппаратының жұмыс стилi мен әдiстерiн жақсарту;

12) жергiлiктi мемлекеттiк басқару құрылымын жетiлдiру;

13) жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқаруды жетiлдiру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;

14) ауданды әкiмшiлiк-аумақтық орналастыруды жетiлдiру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;

15) Егiндiкөл ауданының аумақтарын дамыту бағдарламаларын iске асыру;

16) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бағыттары бойынша қызметтiң нәтижесiн бағалауды жүзеге асыру;

17) жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының мемлекеттiк қызмет ұсынуына талдау жасау;

18) сайлауға дайындықты ұйымдастыру;

19) әкiмдiк пен мәслихаттың Орталық, облыстық және төменгi тұрған сайлау комиссияларымен өзара iс-әрекетiн қамтамасыз ету.

Қызметi

Егiндiкөл ауданы әкiмiнiң аппараты өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Дата создания статьи: 01.02.2018 17:13
Парақтағы соңғы өзгерістер: 01.03.2018 17:40
Қаралым саны: 817

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы Жеңіс көшесі, 6

Телефон: 8 (71642) 2-13-42;

Электрондық пошта адресі: egindykol_kanz@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 8 (71642) 2-17-03 телефон арқылы хабарласуға болады:

Жиі қойылатын сұрақтар