A- A A+
Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Қаз  | Рус
ХАБАРЛАМА

Ақмола облысы Егіндікөл ауданының әкімдігі шаруа қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 10 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурсты қайталап өткізеді.

Ақмола облысы Егіндікөл ауданының әкімдігі конкурс өткізу туралы хабарлама бірінші жарияланған күннен бастап он бес күнтізбелік күн өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастайды.

Осы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, Победа көшесі,6 мекен-жайы бойынша 2020 жылғы 14 қаңтардан бастап 2020 жылғы 27 қаңтарға дейін қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады. Конкурстың аяқталған күні қорытынды шығарылған күн болып есептеледі. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні өткізіледі.

Конкурстың қорытындысын шығару күні, уақыты және орны: 2020 жылғы 28 қаңтарда сағат 11.00-де Ақмола облысы, Егіндікөл ауылы, Победа көшесі, 6, 2-қабат, мәжіліс залы.

лот № Жер учаскесінің орналасқан жері Жер учаскесінің берілу мақсаты Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (алқаптардың құрамы мен түрлері) Алаңы (га) Бонитет балы Топырақ сипаттамасының сапасы Сумен қамтамасыз етілуі Өңірдің ауыл шаруашылық мамандануы
1 Абай ауылы ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа қожалығын жүргізу түбегейлі жақсартылған жайылым 255 9 күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
2 Абай ауылы ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа қожалығын жүргізу табиғи жайылым 300 6 күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
3 Абай ауылы ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа қожалығын жүргізу табиғи жайылым 300 6 күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
4 Буревестник ауылы ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа қожалығын жүргізу түбегейлі жақсартылған жайылым 195 23 күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
5 Жалманқұлақ ауылдық округі (Жұлдыз а.) ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа қожалығын жүргізу табиғи жайылым 103 8 күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
6 Жалманқұлақ ауылдық округі (Жұлдыз а.) ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа қожалығын жүргізу Барлық алаңы, соның ішінде:түбегейлі жақсартылған жайылым ,табиғи жайылым 397165232 18 күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
7 Қоржынкөл ауылы ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа қожалығын жүргізу түбегейлі жақсартылған жайылым 450 13 күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
Жалпы аумағы 2 000 га, соның ішінде 935 га табиғи жайылым, 1065 га т.ж. жайылым.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:

1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

2) конкурстық ұсыныс;

Конкурстық ұсыныста:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығымен бекітілген (мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11549 болып тіркелген) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуы тиіс.

Инвестиция сомасында өнімдерді сақтау және өңдеу объектісін салуға, ауыл шаруашылығы жануарларын ұстауға арналған үй-жайлар салуға, технологиялық жабдықтарды сатып алуға бағытталған қаражат есепке алынбайды. Ең жоғары балл алған қатысушы жеңімпаз болып танылады.

Конкурстық ұсынысты конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметті және қосымша ақпаратты Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы әкімдігінің http://egin.akmo.gov.kz/ интернет-ресурстарында немесе 87164221510 телефон нөмірі бойынша алуға болады.

Дата создания статьи: 30.12.2019 12:39
Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.12.2019 12:46
Қаралым саны: 373

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2020 Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы: Ақмола обл. Егіндікөл ауд. Егіндікөл ауылы. Победа көшесі 6 индекс: 020699

Телефон: 8 (71642) 2-13-42;

Электрондық пошта адресі: egindykol_kanz@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 8 (71642) 2-17-03 телефон арқылы хабарласуға болады:

Жиі қойылатын сұрақтар