Егіндікөл ауданының әкімшілігі

«Iшкi саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» ММ бос орнына конкурс жариялайды

Егiндiкөл ауданының «Iшкi саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi «Аудандық мәдениет үйi» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорнының директоры лауазымының бос орнына конкурс жариялайды.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек өтiлiне байланысты 90 789 теңгеден 110 075 теңгеге дейiн.

Лауазымдық мiндеттерi:

-мәдени — сауық қызметiн ұйымдастыруына басшылық жасайды;

-шығармашылық, әдiстемелiк, мәдени-ағартушылық және жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын жүзеге асыруды ұйымдастырады;

-көркемөнерпаздар жетекшiлерiнiң семинарларын, халық шығармашылық байқауларын, фестивальдарын дайындау мен өткiзудi қамтамасыз етедi;

-көркемөнерпаздар ұжымының қызметiне бақылау жасайды;

-әдiстемелiк құралдарды, сценарийлердi репертуарларды әзiрлеу үшiн бiлiктi мамандарды тартып, осы материалдарды рецензиялау және көркемөнерпаздар ұжымдарына шығармашылық көмек көрсету;

-қызметкерлердiң шығармашылық бастамасын ынталандырып,

өндiрiстiк бiлiм алуы мен бiлiктiлiктерiн арттыру үшiн жағдай жасайды;

- ұйым қызметкерлерiмен өндiрiстiк және еңбек тәртiбiн, талаптарын, қауiпсiздiк және еңбектi қорғау, өртке қарсы қауiпсiздiк талаптарын сақтауын бақылайды;

-сенiмхатсыз кәсiпорын атынан оның мүддесiн барлық органдарда кәсiпорынның мүлкiне билiк етедi, Қазақстан Республикасының заңнамасының шегiнде шарттар жасайды, сенiмхаттар бередi, банктiк шоттар ашады және өзгеде мәмiлелер жасайды, барлық кәсiпорын қызметкерлерi үшiн мiндеттi бұйрықтар мен нұсқаулар шығарады;

- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне сәйкес өз құзыретi шегiнде қызметкерлердi кәсiпорынға жұмысқа қабылдайды және онымен еңбек шартын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазаға тартады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

1.қажеттi мамандық бойынша жоғары бiлiмiнiң болуы;

2. қажеттi мамандық бойынша басшы лауазымдарда кемiнде 5 жыл жұмыс өтiлiнiң болуы;

3.Қазақстан Республикасының Конституциясын, Бюджет кодексiн, Еңбек кодексiн, Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мемлекеттiк мүлiк туралы», «Мемлекеттiк сатып алулар туралы» заңдарын және мемлекеттiк тiлдi бiлуi тиiстi.

Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:

1) қоса берiлетiн құжаттардың тiзбесi көрсетiлген конкурсқа қатысу туралы өтiнiштi;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн;

3) кадрларды есепке алу жөнiндегi толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетiлген);

4) лауазымға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелерiн;

5) еңбек қызметiн растайтын құжаттың көшiрмесiн;

6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрi мiндетiн атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6697 болып тiркелген) бекiтiлген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама ұсынады.

Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне қатысты қосымша ақпаратты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшiрмелерi, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар) ұсынады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң «Азаматтық қызметке кiру және азаматтық қызметшiнiң бос лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларын бекiту туралы 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығы негiзiнде өткiзiледi.

Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар, конкурс өткiзу туралы хабарландыру аудандық «Алтын астық» газетiнде және интернет-ресурста (Егiндiкөл ауданы әкiмдiгiнiң сайты) соңғы жарияланған күннен бастап күнтiзбелiк 15 күн iшiнде мына мекен-жайға тапсырылуы тиiс: индекс 020600, Ақмола облысы, Егiндiкөл ауданы, Егiндiкөл ауылы, Жеңiс көшесi 11, Еmail: egin_ovp@aqmola.gov.kz ,байланыс телефондары: 8(71642) 79-0-14, 8(71642) 2-15-90.

Мақаланы құрған күні 11.05.2020 21:03
Мақаланы жаңартқан күні 11.05.2020 21:03
Қаралым саны: 118
© 2020. Егіндікөл ауданының әкімшілігі