A- A A+
Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Қаз  | Рус
Бірыңғай жиынтық төлем

Бiрыңғай жиынтық төлемнiң артықшылығы

Бiрыңғай жиынтық төлем режимi формалды емес жұмыспен қамтылғандарға жеке кәсiпкер ретiнде тiркелмей-ақ кәсiбiн жүргiзуге мүмкiндiк бередi.

БЖТ табыс табу үшiн формалды емес кәсiбiн жүргiзiп отырған жеке тұлғаларға, жалдамалы жұмыс күшiн пайдаланбай дара айналысатын, қызмет көрсететiн басқа жеке тұлғаларға, қосалқы шаруашылығын жүргiзiп отырғандарға , үй жұмыскерлерiне арналған.

БЖТ төлеушiлерге мынандай мүмкiндiктер жасалған:

Бiрiншi: мiндеттi медициналық сақтандыру аясында барлық медициналық қызмет түрлерiне қол жеткiзе алады. Медициналық ұйымды таңдау құқы болады.

Екiншi: Зейнетақы жүйесiнде еңбек өтiлiн жинап, базалық және жинақталған компоненттер есебiнен үлкен көлемде зейнетақы алатын болады.Бұл орайда БЖТ төлеушiлердiң базалық зейнетақы көлемi еңбек өтiлiне қарай есептеледi.

Үшiншi: Еңбекке жарамсыз болып қалған жағдайда, асыраушысынан айырылған жағдайда, жүктiлiк және бала туғанда, бала асырап алғанда немесе 1 жасқа дейiн бала күтiмiнде отырғандарға Әлеуметтiк сақтандыру қорынан сақтандыру төлемдерiн алуға мүмкiндiк туады.

Тағы бiр артықшылығы, өзiнiң кiрiс көзiн көрсете алудың арқасында азаматтардың несие төлеу мүмкiндiгi артады. Яғни ендi сiз жүйелi жарна төлей отырып, ресми түрде банктен несие ала аласыз.

БЖТ төлеу өз еркiмен, қалауымен жүзеге асырылады. Бұл жүйеге қатысу, қатыспау құқығы азаматтың өз шешiмiне байланысты болады. Бұл орайда бiрыңғай жиынтық төлемдi төлемегенi үшiн қандай да бiр жауапкершiлiкке тарту шарасы қарастырылмаған.

БЖТ-ң (Бiрыңғай жинақтаушы төлемiнiң) мөлшерi қала тұрғындары үшiн- 1 АЕК (2525 теңге), ауыл тұрғындары үшiн — 0,5 АЕК құрайды(тұрғылықты жерiнде тiркелуiне сәйкес).

БТЖ төлеушi салықтық органдарына есеп бермейдi.

БТЖ үлесi мынандай:

-10% — жеке табыс салығы;
-20 % — әлеуметтiк сақтандыру мемлекеттiк қорына әлеуметтiк аударымдар;
-30 % — Бiрыңғайжинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарнасы
- 40 % — мiндеттi әлеуметтiк-медициналық сақтандыру қорына аударымдар;

Дата создания статьи: 29.01.2019 09:35
Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.01.2019 09:35
Қаралым саны: 1216

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы: Ақмола обл. Егіндікөл ауд. Егіндікөл ауылы. Победа көшесі 6 индекс: 020699

Телефон: 8 (71642) 2-13-42;

Электрондық пошта адресі: egindykol_kanz@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 8 (71642) 2-17-03 телефон арқылы хабарласуға болады:

Жиі қойылатын сұрақтар