A- A A+
Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Қаз  | Рус
Ашық есік күні Егіндікөл ауданында

Осы аптада Егiндiкөл ауданының ТЖБ және Егiндiкөл ауылының 11-ӨСБ қызметкерлерi Ашық есiк күнiн өткiздi. Аталған iс-шараға Егiндiкөл ауылының № 12 агротехникалық колледжiнiң 1 курс студенттерi шақырылды.

Осы iс-шараны өткiзудiң негiзгi мақсаты жас ұрпақты жауынгерлiк қарауылдың жеке құрамының қызмет атқаруымен және гарнизонның материалдық-техникалық жабдықталуымен таныстыру, сондай-ақ өз Отанына патриотизмдi тәрбиелеу болып табылады.

Сонымен, қонақтардың назарына өрт сөндiру кезiнде қолданылатын арнайы автокөлiк техникасы ұсынылды. Балалардың өрт жабдықтары мен қару-жарағы (оқпандар, жеңдер, өрт сорғысы және т.б.) қызықтырды. Тыныс алу органдарын қорғау аппараты (СИЗОД) аса қызығушылық тудырды.

Сонымен қатар, студенттерге гарнизон қызметкерлерiнiң қызметтiк кабинеттерi көрсетiлдi, онда оларға азаматтық қорғау органдары қызметкерлерiнiң еңбек қызметiнiң негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi, сондай-ақ ҚР IIМ ТЖК Көкшетау техникалық институтында оқу перспективалары туралы қысқаша түсiндiрiлдi.

Оқушылар азаматтық қорғау қызметкерлерiнiң қызметтiк iс-әрекетiне үлкен қызығушылық танытты,экскурсияны өткiзу кезiнде көптеген сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды.

ТЖБ инженерi
Егiндiкөл ауданының
азаматтық қорғау лейтенанты
Бажаков Е. Е.

Дата создания статьи: 21.10.2019 17:00
Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.10.2019 17:00
Қаралым саны: 87

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы: Ақмола обл. Егіндікөл ауд. Егіндікөл ауылы. Победа көшесі 6 индекс: 020699

Телефон: 8 (71642) 2-13-42;

Электрондық пошта адресі: egindykol_kanz@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 8 (71642) 2-17-03 телефон арқылы хабарласуға болады:

Жиі қойылатын сұрақтар