Егіндікөл ауданының әкімшілігі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әрбір азаматтың міндеті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстандағы өзектi мәселе болып табылады. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтiк-экономикалық даму үдерiсiне кедергi келтiредi жәнеде елдiң болашақ дамуына елеулi қатер төндiредi.

Жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдар заң мен сот алдында тең. Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерiн қалпына келтiру, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, олардың алдын-алу және барлық мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар өз құзiретi шегiнде күрес жүргiзу, яғни жемқорлықпен күресу — жалпыға ортақ мiндет. Осы кезекте мемлекеттiк органның, мемлекеттiк қызметкердiң жұмысы, iс-әрекетi — шындық, айқындық адалдық, ашықтық принциптерiне негiзделуi қажет.

Қазiргi таңда мемлекеттiк кiрiстер басқармаларында сыбайлас жемқорлықтың деңгейiн төмендету мақсатында көптеген iс-шаралар ұйымдастырылып, жүзеге асырылуда. Осындай шаралардың бiрi салық төлеушiлердiң салық есептiлiктерiн электронды түрде жүргiзуiне мүмкiндiк беретiн СЕӨС АЖ, «Салық төлеушiнiң кабинетi» және АКЦИЗ АЖ, Астана-1 ақпараттық жүйелерi қолданыста. Бұл ақпараттық жүйелер арқылы жылдық, тоқсандық салық есептiлiктерiн электронды негiзде тапсыру үшiн әрбiр салық төлеушiнiң электрондық құжатының айқындылығын қамтамасыз ететiн электронды цифрлық қолтаңбасы арқылы жүзеге асырады. Алайда өз жұмысын уақытынан бұрын жүзеге асырғысы келетiн кейбiр салық төлеушiлер сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына мүмкiндiк туғызады. Осыған байланысты, ақпараттық технологиялардың дамыған заманында мемлекеттiк кiрiстер басқармасында салық төлеушiлердiң салық есептiлiктерiн электронды түрде тапсыруы, қызметкерлер мен салық төлеушiнiң қарым-қатынас орнатуына жол бермеуiне жағдай жасалуда.

Сонымен қоса, салық төлеушi электронды негiзде, өзiнiң дербес тiркеу деректерiн бақылау, хабарлама алу, жеке шоттың ағымдағы жағдайын алуға және салықтық өтiнiштер ұсыну, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салықтық берешектiң туралы мәлiмет алуға, салықтық есептiлiктi ұсыну (ұзарту, қайтадан бастау) тоқату туралы салықтық өтiнiш ұсыну, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер, өсiмдер, айыппұлдар төленген сомаларына есеп және қайтарым жүргiзу туралы салықтық өтiнiш ұсынуға, қосылған құн салығын бақылауға, кеден одағының шегiнде тауарлар экспорты (импорт) кезiнде салық формаларын қабылдауға мүмкiндiгi бар.

Мемлекеттiк қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша басшылық тарапынан ұдайы техникалық оқулар, дөңгелек үстелдер өткiзiлiп тұрады. Егiндiкөл ауданы бойынша мемлекеттiк кiрiстер басқармасы сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда 8 (716-42) 2-12-42 сенiм телефоны арқылы хабар бере алады.

Информационная служба
УГД по Егиндыкольскому району

Мақаланы құрған күні 28.06.2018 14:55
Мақаланы жаңартқан күні 28.06.2018 14:55
Қаралым саны: 1091
© 2020. Егіндікөл ауданының әкімшілігі