A- A A+
Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Қаз  | Рус
Өмірбаян

Ерлан Шойұлы Исабеков, 1977 жылы туған, Алматы облысының тумасы. 1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң бакалавриатын «қолданбалы математика» мамандығы бойынша, 2000 жылы осы университеттiң магистратурасын бiтiрдi. 2012 жылы Джорджтаун университетiнде (Вашингтон қ., АҚШ) экономика магистрi дәрежесiн алды, «Болашақ» Президент бағдарламасының түлегi.

Еңбек жолын 1999 жылы Алматы қаласында математика мұғалiмi болып бастады.

2000 — 2002 жылдары ҚР Мемлекеттiк кiрiстер министрлiгi Сараптама және болжау департаментiнiң жетекшi, бас маманы, бөлiм бастығы лауазымдарын атқарды.

2002 — 2008 жылдары — ҚР Кедендiк бақылау агенттiгi Кедендiк кiрiстер департаментiнiң бөлiм бастығы, басқарма бастығының орынбасары.

2008 — 2009 жылдары — ҚР Премьер-Министрi Кеңсесi Әлеуметтiк-экономикалық бөлiмiнiң бас сарапшысы.

2009 — 2015 жылдары — Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi Tсеп комитетi бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары, бөлiм меңгерушiсi.

2015 жылғы желтоқсаннан бастап ҚР Президент Әкiмшiлiгi Мемлекеттiк бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлiмiнiң инспекторы лауазымында болды.

2017 жылғы қазанда конкурс бойынша «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметiнiң кадр резервiне алынды.

2018 жылғы 18 сәуiрден бастап — Ақмола облысы Егiндiкөл ауданының әкiмi.

Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.

Дата создания статьи: 31.01.2018 11:01
Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.04.2018 18:18
Қаралым саны: 583

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы Жеңіс көшесі, 6

Телефон: 8 (71642) 2-13-42;

Электрондық пошта адресі: egindykol_kanz@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 8 (71642) 2-17-03 телефон арқылы хабарласуға болады:

Жиі қойылатын сұрақтар