Егіндікөл ауданының әкімшілігі

Мемлекеттiк және коммерциялық объектiлер құрылысының iс-қимыл алгоритмi

1 қадам — Құрылыс жобасын әзiрлеу үшiн бастапқы материалдарды алу.

Сәулет және қала құрылысы органымен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы электрондық үкiметтiң www.egov.kz веб-порталына келесi қосымшалармен өтiнiш бередi:

- бекiтiлген нысан бойынша өтiнiш;

- жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжаттың электрондық көшiрмесi ("Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi" мемлекеттiк деректер қорында тiркеу болмаған жағдайда»);

- коммуникацияларға қосылуға арналған техникалық шарттарға (ТШ) арналған сауалнама парағының электрондық көшiрмесi.

Қызмет көрсету нәтижесi — жобаны әзiрлеу үшiн бастапқы материалдардың электрондық көшiрмелерi (СЖТ және ТШ, немесе СЖТ, ТШ ЕЖЖ көшiрмесi, тiк жоспарлау белгiлерi, жолдар мен көшелердiң көлденең бейiндерi, сыртқы инженерлiк желiлер трассаларының сызбасы).

Мемлекеттiк қызмет тегiн.

Анықтамалық:

Веб-портал арқылы өз бетiмен өтiнiш беру қиын болған жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясына (ХҚО) жүгiнiп, оның мамандары «өзiне-өзi қызмет көрсету бұрышында» бiлiктi көмек көрсетедi.

2 қадам — Эскиздiк жобаны әзiрлеу

Тапсырыс берушi нобайлық жобаға лицензияланған жобалау ұйымына тапсырыс бередi.

Жұмыс құны-шарттық.

3 қадам- Құрылысқа нобайлық жобаны келiсу

Сәулет және қала құрылысы органымен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы «электрондық үкiмет» www.egov.kz веб-порталы арқылы өтiнiш бередi.

Өтiнiшке нобайлық жобаның электрондық көшiрмесi қоса берiледi.

Қызмет көрсету нәтижесi-«электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы келiсу-хат.

Мемлекеттiк қызмет тегiн.

4 қадам-Жобалау (жобалау-сметалық құжаттаманы әзiрлеу)

Тапсырыс берушi лицензияланған жобалау ұйымына құрылыс жобасына тапсырыс бередi.

Жұмыс құны-шарттық

5 қадам-Жобаны сараптау

Жобалау-сметалық құжаттамаға сараптама жүргiзу үшiн 1 және 2 санаттағы техникалық күрделi объектiлердi салу кезiнде мемлекеттiк сараптамаға немесе 2 және 3 санаттағы техникалық күрделi объектiлердi салу кезiнде жеке сараптамаға жүгiну қажет.

Анықтама: санат жобалау-сметалық құжаттамада белгiленедi.

Жұмыс құны-шарттық.

6 қадам-Мердiгерлiк ұйыммен, авторлық және техникалық қадағалаумен шарттар жасасу

Тапсырыс берушiге мердiгер ұйымнан, авторлық және техникалық қадағалаудан объектiге жауапты тұлғаларды бекiту туралы iшкi бұйрықтарды алу (растайтын құжаттармен бiрге: мердiгерден бiлiм туралы диплом, техникалық қадағалаудан аттестаттар).

7 қадам-Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасына хабарлама беру.

Тапсырыс берушiге электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы электрондық порталда Е лицензиялау:

1) құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзудi бастау туралы хабарлама нысанын толтыру (жоба сараптамасын қоса бере отырып).

2) электрондық талон алу және оны мердiгерге тапсыру.

Алынған талон құрылыс-монтаж жұмыстары үшiн негiз болып табылады.

8 қадам-Объектiнi пайдалануға енгiзу.

Тапсырыс берушiге:

- салынған объектiнi салу арқылы жер учаскесiнiң атқарушылық түсiрiлiмiн жасау үшiн кез келген жеке лицензияланған ұйымға жүгiну;

- мәлiметтер базасын толықтыру үшiн ҚР Инвестициялар және даму министрлiгi мен құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетiнiң «Мемградкадастр» РМК Ақмола филиалына атқарушылық түсiрiлiмдi ұсыну;

-«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясына (ХҚО) объектiнiң техникалық сипаттамаларын, сәйкестiк туралы декларацияны, салынған объектiнi пайдалануға енгiзу және тiркеу үшiн құрылыс-монтаждау сапасы туралы қорытындыларды қоса бере отырып, объектiнi пайдалануға беру актiсiн ұсыну.

Мақаланы құрған күні 30.03.2020 14:01
Мақаланы жаңартқан күні 30.03.2020 14:01
Қаралым саны: 200
© 2020. Егіндікөл ауданының әкімшілігі