A- A A+
Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Қаз  | Рус
Егіндікөл ауданының әкімі

 

 

ИСАБЕКОВ ЕРЛАН ШОЙҰЛЫ

Телефон: 8 (71642) 21133

e-mail isabekov_esh@akmo.kz

 

 

 

 

Ерлан Шойұлы Исабеков, 1977 жылы туған. 1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң бакалавриатын «қолданбалы математика» мамандығы бойынша, 2000 жылы осы университеттiң магистратурасын бiтiрдi. 2012 жылы Джорджтаун университетiнде (Вашингтон қ., АҚШ) экономика магистрi дәрежесiн алды, «Болашақ» Президент бағдарламасының түлегi.

Еңбек жолын 1999 жылы Алматы қаласында математика мұғалiмi болып бастады.

2000 — 2002 жылдары ҚР Мемлекеттiк кiрiстер министрлiгi Сараптама және болжау департаментiнiң жетекшi, бас маманы, бөлiм бастығы лауазымдарын атқарды.

2002 — 2008 жылдары — ҚР Кедендiк бақылау агенттiгi Кедендiк кiрiстер департаментiнiң бөлiм бастығы, басқарма бастығының орынбасары.

2008 — 2009 жылдары — ҚР Премьер-Министрi Кеңсесi Әлеуметтiк-экономикалық бөлiмiнiң бас сарапшысы.

2009 — 2015 жылдары — Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi Tсеп комитетi бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары, бөлiм меңгерушiсi.

2015 жылғы желтоқсаннан бастап ҚР Президент Әкiмшiлiгi Мемлекеттiк бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлiмiнiң инспекторы лауазымында болды.

2017 жылғы қазанда конкурс бойынша «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметiнiң кадр резервiне алынды.

2018 жылғы 18 сәуiрден бастап — Ақмола облысы Егiндiкөл ауданының әкiмi.

Егiндiкөл ауданының әкiмi
Исабеков Ерлан Шойұлы

Аудан әкiмi аппаратының қызметiне басшылық жасау. Аудан әкiмiнiң орынбасарлары, аудан әкiмi аппаратының басшысы, аудандық атқарушы органдар, ауыл және ауылдық округ әкiмдерiнiң жұмыстарын үйлестiру. «Қазақстанның 2050 жылға дейiнгi даму Стратегиясы» Бағдарламасын, аймақтық орта мерзiмдi Бағдарламаны және Президенттiң Қазақстан халқына Жолдауында айтылған жергiлiктi үкiмет органдарының шұғыл мiндеттерiн жүзеге асыру. Экономикалық, қаржылық, фискалды саясат, жергiлiктi бюджеттiң стратегиялық мәселелерi. Ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарын жүзеге асыру, шағын кәсiпкерлiктi қолдауды дамыту. Экономикалық даму, қаржы саласы, салық және тарифтiк және инвестициялық саясат, салық және бюджетке төлемдер түсiмi мәселелерi. Өнеркәсiп кәсiпорындарының жұмысын үйлестiру. Кәсiпорындардың банкроттық және санация мәселелерi. Нарықты және тұтыну тауарларын дамыту, мемлекеттiк коммуналдық меншiктi жекешелендiру мәселелерi. Жекешелендiру

мәселелерi, мемлекеттiк мүлiк пен коммуналдық меншiктi басқару. Кадр саясаты мәселесi. Қорғаныс және құқықтық тәртiп мәселелерi. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi. Норма шығармашылық қызметтi үйлестiру. Практикалық қызметте аудан әкiмi өкiлеттiгiнiң бөлiгiн аудан әкiмi орынбасарларына, аудан әкiмi аппаратының басшысына, ауданның ауыл және ауылдық округ әкiмдерiне беруге құқылы.

Дата создания статьи: 19.04.2018 11:16
Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.10.2018 10:52
Қаралым саны: 1241

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы: Ақмола обл. Егіндікөл ауд. Егіндікөл ауылы. Победа көшесі 6 индекс: 020699

Телефон: 8 (71642) 2-13-42;

Электрондық пошта адресі: egindykol_kanz@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 8 (71642) 2-17-03 телефон арқылы хабарласуға болады:

Жиі қойылатын сұрақтар