A- A A+
Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Қаз  | Рус
Жиынтық табысты есептеу ережелерiне өзгерiстер енгiзiлдi

АӘК тағайындауға өтiнiш берген отбасының жалпы кiрiсiн есептеу кезiнде тұрғын үй сертификаттарының сомасы ескерiлмейдi. Мұндай өзгерiстер Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2009 жылғы 28 шiлдедегi «АӘК-ге жүгiнген адамның (отбасының) жиынтық кiрiсiн есептеу ережесiн бекiту туралы» бұйрығына енгiзiлдi.

Өзгерiстер а.ж. наурыз айының басында алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн 10 күнтiзбелiк күн өткен соң күшiне енедi.

Тұрғын үй сертификаты тұрғын үй сатып алу кезiнде 1 млн теңге мөлшерiнде бастапқы жарнаны қамтамасыз ету үшiн берiледi. Бұл Қазақстан азаматтарының алуға мүмкiндiгi бар жергiлiктi атқарушы органдардың көмегi.

Алушылардың тiзiмiне денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт салаларының, полиция қызметтерiнiң қызметкерлерi, сондай-ақ көпбалалы, толық емес және мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар кiредi. Сертификат бастапқы жарнаның қажеттi мөлшерiнiң 90%-ына дейiн жабу үшiн берiледi.

Ағымдағы жылы елiмiздiң барлық өңiрлерiнде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң тапсырмасы бойынша нысаналы топ үшiн «Бақытты отбасы» тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру бойынша түсiндiру семинарлары өтедi деп жоспарлануда. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» мен өңiрлердiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы кеңiнен ақпараттық кампания өткiзуде.

Естерiңiзге сала кетейiк, алғашқы 100 тұрғын үй сертификаты 2018 жылдың соңында ел астанасында берiлдi. 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласының 300 тұрғыны 1 млн теңгеден алды. Елорда үлгiсi бойынша сертификаттар республиканың барлық аймақтарында берiле бастады.

Мақаланың шыққан күні: 19.02.2020
Қаралым саны: 163

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2020 Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы: Ақмола обл. Егіндікөл ауд. Егіндікөл ауылы. Победа көшесі 6 индекс: 020699

Телефон: 8 (71642) 2-13-42;

Электрондық пошта адресі: egindykol_kanz@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 8 (71642) 2-17-03 телефон арқылы хабарласуға болады:

Жиі қойылатын сұрақтар