A- A A+
Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Қаз  | Рус
Сәрсенбі күні кешке Егіндікөл ауылының орталық алаңында аудан мектептерінің түлектеріне аттестаттар табыстау дәстүрлі салтанатты рәсімі өтті

Аудан әкiмi Ерлан Исабеков құттықтау сөз сөйлеп, ауданда төрт оқушының «Алтын белгiге» ие болғанын атап өттi, ол жалпы оқушылар санының 10% құрайды, үш оқушы үздiк аттестаттар алды.

«Балалардың сүйiктi пәнiн өздерi таңдайтыны құпия емес, көбiнесе ол ұстазға байланысты. Әр оқушыға жеке көзқарас, материалды қызықты баяндау, тәрбие жұмысы, ал қажет болғанда психологиялық көмек — ол балалардың оқуға деген қызығушылығын ояту үшiн бiздiң мұғалiмдер қолданатын кейбiр әдiстер ғана.

Сондықтан, бiрiншi кезекте, ата-ана ретiнде, мектеп директорлары, мұғалiмдер мен сынып жетекшiлерiне олардың кәсiби жiгерлi еңбегiне, сүйiктi iсiне адалдығы, бiздiң балаларымызға деген iлтипатты және шыдамды қатынастары үшiн ерекше ризашылығым мен алғысымды бiлдiргiм келедi.

Құрметтi түлектер, сендерге өз қабiлеттерiңдi үнемi дамытуды, жаңа бiлiм, жаңа тәжiрибе алуларыңды тiлеймiн. Әр қайсыңның сәттiлiктерiң бастамаларыңа, өз күштерiңе сенiмдiлiк, алға басу тiлектерiңе байланысты. Өмiрде қиындықтан қорықпай, батыл қадам жасаңдар. Ең батыл үмiттерiң ақталсын, ал өмiрлерiңдi арнаған iстерiң тек жақсылық пен табыс әкелсiн!» — деп тiлек айтты аудан басшысы.

Аттестаттар табыстау салтанатты рәсiмi концерттiк бағдарламамен, Бiлiм бөлiмiнiң басшысы В.В.Шевцов, Ардагерлер кеңесiнiң төрайымы Б.Б.Әмiрханова, ата-аналар және түлектердiң құттықтауларымен жалғасты. Мерекелiк iс-шара дәстүрлi вальспен және әдемi отшашумен аяқталды.

Мақаланың шыққан күні: 21.06.2019
Қаралым саны: 108

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы: Ақмола обл. Егіндікөл ауд. Егіндікөл ауылы. Победа көшесі 6 индекс: 020699

Телефон: 8 (71642) 2-13-42;

Электрондық пошта адресі: egindykol_kanz@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 8 (71642) 2-17-03 телефон арқылы хабарласуға болады:

Жиі қойылатын сұрақтар