A- A A+
Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Қаз  | Рус
Құрметті Егіндікөл ауданының тұрғындары!

1 Мамыр — Қазақстан халқының бiрлiгi күнiмен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Қазақстандық патриотизм — Қазақстан Республикасының өмiр сүруi мен дамуының негiзгi Конституциялық қағидаттарының бiрi.

Тарихи дәстүрге айналған достық пен өзара төзiмдiлiк, республикада тұратын түрлi ұлт өкiлдерiнiң ерекшелiктерi мен әдет–ғұрыптарын құрметтеу қазақстандық патриотизмнiң ажырамас элементi болып табылады. Бiрлiк пен патриотизм, ұлтаралық ынтымақтастық пен ел тағдыры үшiн жауапкершiлiк дәстүрi — бiздiң мемлекетiмiздiң тұрақтылығы мен бейбiтшiлiгiнiң кепiлi.

Рухани бiрлiк сезiмi, Отанға пайда келтiруге шын жүректен ұмтылу бiздi бүгiн де бiрiктiредi.

Бұл айтулы мереке бiздiң көпұлтты Отанымыздың

гүлденуiнiң нышаны, бiрлiктiң, ынтымақтың, бейбiтшiлiк пен игiлiктiң кепiлi болсын!

Қымбатты егiндiкөлдiктер!

Осы бiрлiк пен келiсiм, бейбiтшiлiк пен үмiт жарқын мереке қарсанында, сiздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақыт, гүлдену, бейбiтшiлiк пен өзара түсiнiстiк тiлеймiн!

Е. Исабеков,
Егiндiкөл ауданының әкiмi

Мақаланың шыққан күні: 30.04.2019
Қаралым саны: 230

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы: Ақмола обл. Егіндікөл ауд. Егіндікөл ауылы. Победа көшесі 6 индекс: 020699

Телефон: 8 (71642) 2-13-42;

Электрондық пошта адресі: egindykol_kanz@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 8 (71642) 2-17-03 телефон арқылы хабарласуға болады:

Жиі қойылатын сұрақтар