A- A A+
Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Қаз  | Рус
Құрметті Егіндікөл ауданының тұрғындары мен қонақтары!

Мiне, 2018 жыл да аяқталып келедi. Ол өзiнiң жақсы iстерiмен ауданымыздың шежiресiне енедi. Осы жылы ауқымды жұмыстар атқарылды. Кейбiр жарқын жетiстiктерiмiзге тоқталып өткiм келедi: астық дақылдарынан мол өнiм жиналды, жоғары шығымдылыққа қол жеткiзiлдi, ондаған отбасылар жаңа екi пәтерлi үйлерге қоныстанды, көптен күткен — аудан халқын ауыз сумен үздiксiз қамтамасыз ету мәселесiнiң де шешiмi табылды, Ұзынкөл ауылындағы Ауыл күнi бұқаралық және ұйымшылдықпен өткiзiлдi, орталық стадион жөнделдi, сайбақ аймағын жайластыру жұмыстары басталды, бiздiң аудан арқылы өтетiн «Орталық-Батыс» автожолдарының құрылысы бойынша жобалау-iздестiру жұмыстары аяқталуда.

Жеткен жетiстiктерiмiздiң тек береке мен бiрлiктiң арқасында екенi баршаға аян. Үстiмiздегi жылы толағай табыстар мен өркендеу жолындағы ең дұрыс жол — бiрлескен жасампаз еңбек, өзiңе және болашаққа сенiм екендiгiне тағы да көзiмiз жеттi.

Осы жылы қол жеткiзген барлық жақсылықтар сақталып, көбейе берсiн.

Бiрлiктiң Жаңа жылдық мереке күндерi, бiздiң бiрге болғанда ұлы iстер жасай алатын, қиындықты абыроймен жеңетiн, қойған мақсаттарға қол жеткiзетiн күш екенiмiздi әрқашан есiмiзге салады.

Сiздердi келе жатқан 2019 жылмен құттықтаймын! Жаңа жыл жаңа жетiстiктер мен үмiттерге серпiн берсiн, Жаңа жылдың әр күнi табысты болып, әр шаңырақ молшылық, бақыт пен шаттыққа бөленсiн!

Егiндiкөл ауданының әкiмi Е. Исабеков

Мақаланың шыққан күні: 29.12.2018
Қаралым саны: 238

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

 

@2019 Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы: Ақмола обл. Егіндікөл ауд. Егіндікөл ауылы. Победа көшесі 6 индекс: 020699

Телефон: 8 (71642) 2-13-42;

Электрондық пошта адресі: egindykol_kanz@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 8 (71642) 2-17-03 телефон арқылы хабарласуға болады:

Жиі қойылатын сұрақтар