A- A A+
Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Қаз  | Рус
Құрметті Егіндікөл ауданының тұрғындары мен қонақтары!

Сiздердi Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк Күнiмен шын жүректен құттықтаймын! Аз ғана тарихи кезең iшiнде, бiздiң елiмiз күллi әлемге танымал, ойдағыдай дамып келе жатқан мемлекет ретiнде орнықты, әлемнiң көптеген елдерiмен көршiлестiк қарым-қатынастары тату және тең құқылы мемлекетке айналды.

Бiздiң экономикамыз көтерiлiп, елiмiз келiсiм мен достықты сақтап қалды. Бүгiнгi таңда Қазақстанда тұратын әр адам, ұлтына, жынысына, және дiни сенiмiне қарамастан, мен қазақстандықпын деп мақтанышпен айта алады.

Бiздiң елiмiзде тәуелсiздiк алғаннан берi көптеген жаңа өндiрiстер, ауыл шаруашылығы дамып, қатарға мектептер, ауруханалар, тұрғын үйлер қосылуда.

Елдiң табысты дамуына әсер ететiн маңызды фактордың бiрi, Президентiмiз Нұрсұлтан Назарбаевтың пiкiрiнше, ең алдымен қазақстандықтардың еңбексүйгiштiгi, бейбiтшiлiк пен келiсiмдi қалап отырған бiздiң басты құндылықтарымыздың бiрi болып табылады. Бiз барлығымыз тәуелсiз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына куәмiз. Бүгiнгi таңда бiз дамыған 30 елдiң қатарына кiруге жақынбыз.

Мемлекет басшысы қазақстандықтардың алдына қойылған маңызды мақсат- мiндеттердiң өмiрде шынайы қолданыс табуы үшiн, бiзге күшжiгерiмiздi бiрiктiруiмiз қажет. Тек бiрлiгiмiздiң арқасында ғана, Қазақстанды өркендеген ел етiп жасай аламыз.

Қымбатты жерлестер!

Сiздерге бақыт және сәттiлiк, мемлекетiмiзге баянды болашақ, бiздiң ортақ үйiмiз — Қазақстанға бейбiтшiлiк пен келiсiм тiлеймiн!

Аудан әкiмi Е. Исабеков

Мақаланың шыққан күні: 14.12.2018
Қаралым саны: 264

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

 

@2019 Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы: Ақмола обл. Егіндікөл ауд. Егіндікөл ауылы. Победа көшесі 6 индекс: 020699

Телефон: 8 (71642) 2-13-42;

Электрондық пошта адресі: egindykol_kanz@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 8 (71642) 2-17-03 телефон арқылы хабарласуға болады:

Жиі қойылатын сұрақтар