AA

Егіндікөл ауданының әкімшілігі

Ағымдағы жылдың 7 сәуiрi сағат 19.00-ден бастап Новочеркасск ауылынан бергi жолда "Есiл" жанармай құю бекетiнiң жанында алдын-алу бақылау ұйымдастырылады.

Блок-бекетте келушiлердiң денсаулығы мен дене қызуын дәрiгерлер тексеретiн болады. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерi жеке қорғану құралдарының болуын тексередi, кiрудi және шығуды тiркейдi, төтенше жағдай кезiнде заңды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк туралы түсiндiредi.

Жантеке ауылынан Тоғанас ауылына кiре берiс және Есенгелдi ауылынан Бауман ауылына кiре берiс жолдардағы блок бекеттер дайындық күшi мен қаражаттың жағдайына қарай орнатылатын болады.

Құрметтi азаматтар!

Сiздерден енгiзiлген шектеулерге түсiнiстiкпен қарауды сұраймыз. Осының бәрi сiз бен бiздiң қауiпсiздiгiмiздi қамтамасыз ету үшiн жасалынып жатыр.

Сiз үйде қалу үшiн бiз барлық тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз ететiн салалардың үздiксiз жұмыс iстеуi үшiн барлық шараларды қабылдап жатырмыз.

#nocoronavirus #үйдеболыңыз #оставайтесьдома #stayhome

Мақаланы құрған күні 13.04.2020
Қаралым саны: 147
© 2020. Егіндікөл ауданының әкімшілігі