A- A A+
Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Қаз  | Рус
Құрметті Егіндікөл ауданының тұрғындары!

Сiздер өткен аптадағы сумен қамту мәселесiндегi проблемаларды жақсы бiлесiздер. Ол жағдай Қорғалжын ауданының Сабынды ауылына электр қуатын берудi тоқтатып, «АРЭК» АҚ-ның алдындағы қордаланған қарызды дереу өтеулерiн талап етуге байланысты болды.

Облыс басшылығының араласуымен бекiтiлген Кесте бойынша қарызды өтеуге келiсiм жасалды. Бiр ай iшiнде қарызды өтеп, келiсiлген мерзiмдi бұзбау талап етiлiп отыр.

Сонымен қатар осы қарыз «Ақмола Су Арнасы» ШЖҚ РМК бар мүлкiн мемлекетiк меншiкке — ҚР АШМ «Казводхоз» Комитетiнiң қарамағына өткiзуге кедергi болып тұр.

Осыған байланысты «Егiндiкөл Су Арнасы» ШЖҚ РМК ағымдағы бар берешектi өтеуiмiз қажет.

Құрметтi егiндiкөлдiктер!

Аудан азаматтары, шаруашылық қожалық басшылары, жеке меншiк иелерi, т.б. заңды тұлғалар, Сiздерден жақын арада сумен қамтуға тиiсiлi берешектерiңiздi өтеулерiңiздi сұраймыз, мүмкiн болса, алдағы уақытқа да алдын ала төлеп қоямын дегендерге құба-құп дер едiк.

Түсiнiстiкпен қарап, қолдау көрсеткендерiңiзге көп рахмет!

Ардагерлер кеңесi

Мақаланың шыққан күні: 18.06.2018
Қаралым саны: 148

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы Жеңіс көшесі, 6

Телефон: 8 (71642) 2-13-42;

Электрондық пошта адресі: egindykol_kanz@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 8 (71642) 2-17-03 телефон арқылы хабарласуға болады:

Жиі қойылатын сұрақтар