A- A A+
Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Қаз  | Рус
Құрметті Егіндікөлдіктер!

Сiздердi мемлекеттiк мереке — Қазақстан Республикасының Конституциясы Күнiмен құттықтаймын!

Қазақстан Республикасының негiзгi Заңы әрбiр азаматтың құқығы мен бостандығына, ұлтына, тегiне, дiни сенiмiне қарамастан теңдiгiне кепiлдiк бередi. Конституция азаматтық бейбiтшiлiк және келiсiмнiң кепiлi болып табылады, әр түрлi саяси және қоғамдық күштердi бiрiктiредi, тұрақты құқықтық мемлекет құруға халқының энергиясын бағыттайды.

Дәл осы Конституция елдiң қоғамдық келiсiм және саяси тұрақтылығын сақтауға сенiмдi бағыт-бағдар беруге, бүкiл халықтың игiлiгiне экономикалық дамуы үшiн жағдай жасауға қызмет етедi.

Бiз елiмiздегi құқық тәртiбi мен келiсiм әрқайсымызға байланысты екенiн есте сақтауымыз керек. Бұл ұғымды өскелең ұрпаққа тәрбиелеу өте маңызды, сонда бiз ертеңгi күнге сенiмдi бола аламыз, ұлттық экономиканың барлық салаларында жаңа батыл жобаларды iске асыра аламыз, азаматтық қоғамы дамыған мықты құқықтық мемлекетте өмiр сүре аламыз.

Құрметтi жерлестер!

Сiздерге шын жүректен мықты денсаулық, бақыт, табыс және әр отбасына бейбiтшiлiк пен береке тiлеймiн.

Е. Исабеков, Егiндiкөл ауданының әкiмi

Мақаланың шыққан күні: 29.08.2019
Қаралым саны: 120

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы: Ақмола обл. Егіндікөл ауд. Егіндікөл ауылы. Победа көшесі 6 индекс: 020699

Телефон: 8 (71642) 2-13-42;

Электрондық пошта адресі: egindykol_kanz@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 8 (71642) 2-17-03 телефон арқылы хабарласуға болады:

Жиі қойылатын сұрақтар