A- A A+
Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Қаз  | Рус
Құрметті егіндікөлдіктер!

Сiздердi келе жатқан қос мереке Отан қорғаушылар күнiмен және Ұлы Жеңiс күнiмен шын жүректен құттықтаймын! Бұл екi мереке өзара тығыз байланысты. Кешегi сұрапыл Ұлы Отан соғысында қаншама боздақ Отан үшiн шыбын жанын аямай күрестi, асқан ер жүректiлiкпен майдан алаңына шап бердi. Бүгiн де бiздiң Отан қорғаушы жерлестерiмiз балалар күлкiсi мен бейбiт аспан үшiн батырлық қадам жасауда. Қазақстанның егемендiгi мен оның азаматтарының тыныштығын қорғау, Ұлы Жеңiстi есте сақтау — бүгiнгi әрбiр қазақстандықтың парызы болып саналады.

Қымбатты жерлестер!

Сiздерге және сiздердiң отбасыларыңызға денсаулық, бақыт және амандық тiлеймiн! Ел өркендеп, күн сайын оның әскерi бекемдей берсiн, аспанымыз ашық болып, Егiндiкөл ауданының даму мәселелерi мен сұрақтарын шешу жолында күш-жiгерiмiз таусылмасын.

Е. Исабеков,
Егiндiкөл ауданының әкiмi

Мақаланың шыққан күні: 08.05.2019
Қаралым саны: 3264

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы: Ақмола обл. Егіндікөл ауд. Егіндікөл ауылы. Победа көшесі 6 индекс: 020699

Телефон: 8 (71642) 2-13-42;

Электрондық пошта адресі: egindykol_kanz@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 8 (71642) 2-17-03 телефон арқылы хабарласуға болады:

Жиі қойылатын сұрақтар