A- A A+
Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Қаз  | Рус
Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Шаттығы шалқыған Мәңгілік Ел атты салтанатты концерт өткізілді

Бүгiн аудандық Мәдениет үйiнде Қазақстан халқының бiрлiгi күнiне арналған «Шаттығы шалқыған Мәңгiлiк Ел атты салтанатты концерт өткiзiлдi.

Салтанатты iс-шара елiмiздiң аумағында тұратын түрлi халықтың би өнерiмен басталды. Аталған салтанатты шараның ерекшелiгi жүргiзушiлердiң қазақ, орыс, немiс және украин тiлдерiнде жүргiзуiнде болды.

Аудан әкiмi Е. Исабеков құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларды осы жарқын мерекемен құттықтады.

«Осы залда отырғандардың көпшiлiгi осы мерекенi еңбекшiлердiң ынтымақтастығы ретiнде есте сақтады. Менiң ойымша, бiздiң аудан үшiн осы екi мерекенiң де маңызы ерекше, өйткенi аудан Тың игеру жылдарында, яғни диқандардың еңбегiмен құрылған, ал осында тұратындардың көпшiлiгi Кеңес Одағының түрлi аумақтарынан келген болатын. Бүгiнгi күнi ауданда 20 ұлт пен конфессиялардың өкiлдерi достық пен келiсiмде тұрып жатыр. Олар — қазақтар, орыстар, украиндар, белорустар, татарлар, немiстер, армяндар және тағы басқалары. Сiздiң ұлтыңыздың, дiнiңiздiң қандай екендiгi маңызды емес, маңыздысы бiздi ортақ тарихтың бiрiктiруi, халықтың бiздiң Отанымыз — Қазақстан Республикасының өркендеуi жолындағы топтасуы», — деп атап өттi аудан әкiмi өз сөзiнде.

Мерекелiк iс-шара ауданның көркем өнерпаздар ұжымдарының қызықты мерекелiк концерттiк бағдарламасымен аяқталды.

Мақаланың шыққан күні: 30.04.2019
Қаралым саны: 3304

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы: Ақмола обл. Егіндікөл ауд. Егіндікөл ауылы. Победа көшесі 6 индекс: 020699

Телефон: 8 (71642) 2-13-42;

Электрондық пошта адресі: egindykol_kanz@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 8 (71642) 2-17-03 телефон арқылы хабарласуға болады:

Жиі қойылатын сұрақтар