A- A A+
Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Қаз  | Рус
Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылуының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара

2019 жылғы 21-ақпанда аудандық Мәдениет үйiнде Кеңес әскерiнiң Ауғанстаннан шығарылуының 30 жылдығына арналған салтанатты iс-шара өткiзiлдi. Егiндiкөл ауданының әкiмi Ерлан Исабеков өз сөзiнде Кеңес әскерiнiң Ауғанстандағы шектеулi контингентiне ауданнан 30 адам шақырылғанын, қазiргi уақытта аудан аумағында 11 интернационалист-жауынгердiң тұратынын атап өттi. «Бүгiн бiз ерлiк пен батылдық көрсеткен, өзiнiң интернационалдық борышын құрметпен атқарған жауынгерлер, сержанттар, офицерлер мен дәрiгерлерге ерекше құрмет көрсетемiз» — деп жалғастырды аудан басшысы. Iс-шарада бiздiң жерлесiмiз, қайтыс болғаннан кейiн Қызыл Жұлдыз орденiмен марапатталған А.И.Джакубаевтың, «Әскери еңбегi үшiн» медалiмен екi рет, «Игiлiктi ауған халқынан — интернационалист-жауынгерге» медалiмен және «Әскери қызмет ардагерi» медалiмен марапатталған Е.О.Нұғмановтың жақын туыстарына естелiк сыйлықтар табыс етiлдi. Әскери борышын орындағаны үшiн интернационалист-жауынгерлер: Ж.Қ.Әбiлдинов, А.Е.Аушахимов, В.Д.Гаращук, Ж.Қ.Есiлов, А.И.Завада, С.С.Қабылдин, П.Д.Панков, В.В.Рубец, С.Ю.Силантьев, Б.Ж.Смағұлов және И.И.Топорков мерейтойлық медальдар және аудан әкiмiнiң алғыс хатымен марапатталды.

Iс-шара ауданның көркем өнерпаздар ұжымдарының қызықты мерекелiк концерттiк бағдарламасымен аяқталды.

Мақаланың шыққан күні: 21.02.2019
Қаралым саны: 68

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

 

@2019 Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы: Ақмола обл. Егіндікөл ауд. Егіндікөл ауылы. Победа көшесі 6 индекс: 020699

Телефон: 8 (71642) 2-13-42;

Электрондық пошта адресі: egindykol_kanz@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 8 (71642) 2-17-03 телефон арқылы хабарласуға болады:

Жиі қойылатын сұрақтар