A- A A+
Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Қаз  | Рус
Қазақстан Республикасының жер заңнамасына жаңа енгізілімдерді түсіндіру бойынша кеңес

2018 жылыағы 12 маусымда Қазақстан Республикасының жер заңнамасына жаңа енгiзiлiмдердi түсiндiру бойынша әкiмдiктiң кiшi залында кеңес өттi.

Кеңес жұмысына: Нұрмұхамед Тоқтамысұлы Махитов — Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары, Рүстем Жұмашұлы Төкенов — Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының орынбасары қатысты.

Н.Т. Махитов және Р.Ж.Төкенов Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жер қатынастарын реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 4 мамырдағы (№ 151-VI) Заңына қол қойылғаны жөнiнде ақпараттандырды, ол 2018 жылғы 10 мамырында «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» баспа басылымдарында жарияланып, аталған заң ағымдағы жылдың 21 мамырынан бастап қолданысқа ендi.

Сондай-ақ, жер заңнамасындағы негiзгi түзетулер туралы айтты.

Мақаланың шыққан күні: 12.06.2018
Қаралым саны: 218

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы Жеңіс көшесі, 6

Телефон: 8 (71642) 2-13-42;

Электрондық пошта адресі: egindykol_kanz@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 8 (71642) 2-17-03 телефон арқылы хабарласуға болады:

Жиі қойылатын сұрақтар