A- A A+
Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Қаз  | Рус
Құрметті тыл еңбеккерлері! Қадірлі егіндікөлдіктер!

Сіздерді жеңістің 73 жылдық мерейтойымен құттықтауға рұқсат етіңіздер!
Бұл Ұлы мереке осы күнге жеткізген, адамзаттың фашизмді жеңіп, бейбіт өмірді сақтап қалған күші мен қаһармандық рухын салтанатпен паш етеді. Соғыс пен зұлымдықтың кез келген елесіне қарсы берілмей күресетіндігінің де айғағы.
Бүгін ел қорғаған ардагерлердің басынан өткен қара күндер тарих қойнауына кетті. Қанша уақыт өтіп, неше ұрпақ ауысса да адамдар теңдесі жоқ ерлік пен ерлерін естен шығармайды.
Жексұрын жауды жеңу жолында қаншама еңбек ерлігі жасалып, қанша адам жоқтық пен қайғыға, күйік пен қысымға шыдады. Олар Отан алдындағы өз борыштарын аяғына дейін адал өтеп шықты.
Біз, бүгінгі қазақстандықтар, аға буынның ерлігі мен шыдамдылығын мақтан етеміз,  біз олардан достық қарым-қатынас, бейбіт өмір сүруді үйрендік. Бүгін ата-баба жолымен барлық  елдермен татулық , бірлік ынтымақта  өмір сүрудеміз.
Біз өз жерімізді, Отанымызды шексіз сүйеміз!
Ұлы Отан соғысының қаһармандары, тыл еңбеккерлері алдында бас иеміз. Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ өмір, ұрпақтарыңыздың ортасында бақытты күндер тілейміз!
Мерекелеріңіз құтты болсын, қымбатты егіндікөлдіктер!
Әрқашан аспанымыз ашық болсын!


Аудан әкiмi   Е.Исабеков

Мақаланың шыққан күні: 09.05.2018
Қаралым саны: 437

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы: Ақмола обл. Егіндікөл ауд. Егіндікөл ауылы. Победа көшесі 6 индекс: 020699

Телефон: 8 (71642) 2-13-42;

Электрондық пошта адресі: egindykol_kanz@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 8 (71642) 2-17-03 телефон арқылы хабарласуға болады:

Жиі қойылатын сұрақтар