AA

Егіндікөл ауданының әкімшілігі

Құрметтi Егiндiкөл ауданының тұрғындары!

Өздерiңiзге белгiлi, коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты елде төтенше жағдай жарияланды, бiрнеше өңiрлерде карантиндiк шаралар күшейтiлдi.

Ағымдағы жылдың 31 наурызында сағат 19.00-ден бастап Ақмола облысының аумағында карантин режимi енгiзiлдi. Осыған орай:

1) елдi мекендер бойынша жаяу және көлiкте жүрудi барынша шектеу;

2) сауда, дәрiхана ұйымдарына бару кезiнде, сондай-ақ жұмыс орындарында бiр-бiрiнен кемiнде 2 метр ара

қашықтықты және маскалық режимдi сақтау;

3) респираторлық инфекцияның алғашқы белгiлерi (тұмау, түшкiру, дене қызуы) пайда болған кезде дереу

медициналық көмекке жүгiну;

4) кәмелетке толмағандардың ересек адамдардың ерiп жүруiнсiз жүрiп-тұруына тыйым салу белгiлендi.

Бiздiң аудан аумағында да санитариялық-дезинфекциялық режим күшейтiлген, ұйымдар, кәсiпорындар, дүкендерде дезинфекциялық заттар орнатылған, клиенттермен байланысы бар барлық қызметкерлер өз жұмыс орындарында мiндеттi түрде мынадай қорғау құралдарын пайдалануы тиiс: медициналық бетперде, резеңке қолғаптар, дезинфекциялаушы заттар.

Аудандық жедел штаб құрылды, коронавирустық инфекция анықталған жағдайлардағы iс-қимыл жоспары бекiтiлдi. Аудандық ауруханада инфекция жұқтырды деген күдiгi бар адамдарды орналастыратын изолятор бар, медициналық қызметкерлер жұмыс iстеуге дайын, қажеттi дәрi-дәрмек қоры жетерлiк.

Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету, сондай-ақ iшкi iстер органдарына көмек көрсету мақсатында Егiндiкөл ауылында төтенше жағдай кезiнде аудан ұйымдарының күшiмен көшелердi кешкi патрульдеу ұйымдастырылды. Құқық бұзушылық, қылмыс немесе адамдардың көп жиналуы (5 адамнан артық), балалардың ересек адамдардың қарауынсыз жүрген белгiлерi анықталған жағдайда патрульдеушiлер Полиция бөлiмiнiң кезекшiсiне хабарлайды.

Оқу кезеңi басталғаннан бастап аудан орталығының мектеп оқушылары Қашықтықтан оқытуға көшiрiлетiн болады, қалған ауыл мектептерi санитарлық-эпидемиялық iс-шараларды күшейте отырып, әдеттегi режимде жұмыс iстейдi.

Мемлекет осы қиын кезеңде азаматтар мен бизнестi қолдау жөнiнде пәрмендi шаралар қабылдауда екенiн атап өткен жөн. Елiмiздiң президентi Қ. К. Тоқаев осы бағыттағы ары қарайғы қадамдар жөнiндегi мәлiмдемемен кеше сөз сөйледi:

1) АӘК қоса алғанда, зейнетақы мен жәрдемақы жылдық мәнде 10% — ға ұлғайтылатын болады (жалпы 200 миллиард теңгеге);

2) 3 млн. жуық қазақстандық ай сайын 42500 теңге алады, оның iшiнде өзiн-өзi жұмыспен қамтығандар немесе бейресми жұмыс iстегендер;

3) ММС жүйесiнде медициналық көмек алу құқығы 1 шiлдеге дейiн ұзартылады;

4) тегiн азық-түлiк-тұрмыстық жиынтық алатын қазақстандықтардың тiзiмiн кеңейтедi (800 мың адам);

5) фермерлер үшiн көктемгi егiс жұмыстарын жүргiзу үшiн төмен ставкалар бойынша 70 және 100 миллиард теңге бөлiнедi. Жеңiлдетiлген бағамен оларға дизель

отыны бөлiнедi;

6) жұмыссыз қалған қазақстандықтарды жұмысқа орналастыру жоспарлануда. «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жұмысқа орналасуға дайын азаматтарға көтерме жәрдемақы

берiледi»;

7) банктер жауапкершiлiк танытып халыққа және бизнеске көмек көрсетуге шақырды. ШОБ үшiн 6 айға еңбекақы төлеу қорынан салық есептеу мен төлеу тоқтатылады.

Құрметтi жерлестер!

Сiздiң амандығыңыз бен денсаулығыңыз үшiн Сiздерден барлық алдын — алу шараларын сақтауға шақырамын: қолды сабынмен үнемi жуу, үй-жайларды дезинфекциялау, медициналық бетперде кию, ЖРВИ белгiлерi бар адамдармен қарым-қатынасты болдырмау, ерекше қажеттiлiк болмаса үйден шықпау және т. б.

Төтенше жағдай режимiн бұзғаны үшiн заңнамада әкiмшiлiк жауапкершiлiк көзделгенiн ескертемiн. Егiндiкөл ауылында 3 тұрғынға қатысты елде жарияланған төтенше жағдай кезiнде санитарлық-эпидемиялық талаптарды сақтамағаны үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, бiр адамға сот әкiмшiлiк қамауға алуды тағайындады.

Құрметтi Егiндiкөлдiктер!

Тек бiрлескен күшпен ғана бiз осы күрделi кезеңдi еңсере аламыз. Егер мемлекет, қоғам, азаматтар ұйымшылдық танытса және бiрге әрекет ететiн болса, бүгiнде барлық қабылданған шаралар нәтиже бередi.

#БiзБiргемiз

Коронавирустық инфекцияға байланысты барлық сұрақтар бойынша аудан әкiмiнiң орынбасары Көпжетерова Алтыншаш Арынғазықызына 8 (702) 161-38-34 телефоны бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.

Дүрбелеңдi болдырмау мақсатында тек ресми дереккөздерге ғана сенiм артуды сұраймыз.

Мақаланы құрған күні 13.04.2020
Қаралым саны: 159
© 2020. Егіндікөл ауданының әкімшілігі