A- A A+
Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Қаз  | Рус
Егiндiкөл ауданында қызметкерлердiң сыбайлас жемқорлығы үшiн басшылардың жауапкершiлiгiн күшейту туралы

Ү.ж. 27 сәуiрде аудан әкiмдiгiнiң отырысы өткiзiлдi.

Күн тәртiбiнде қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн мемлекеттiк мекемелердiң бiрiншi басшыларының жауапкершiлiгi туралы мәселе қаралды.

Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен күресте нақты басымдықтар қойды. Алғаш рет заң деңгейiнде басшылардың өз қарамағындағылары үшiн жауапкершiлiгi бекiтiлдi.

Ендi саяси қызметшiлер, олардың тiкелей қарамағындағылары сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған жағдайда отставкаға кетуге мiндеттi. Бiрiншi басшы соттың айыптау үкiмi күшiне енгеннен кейiн немесе оның тiкелей қарамағындағыға қатысты қылмыстық iстi ақталмайтын негiздер бойынша қысқартқаннан кейiн 10 күнтiзбелiк күн iшiнде отставкаға бередi.

Әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдардағы басшыларға қатысты заңмен тәртiптiк жауапкершiлiк қарастырылған.

Жергiлiктi атқарушы органдардың басшыларына бюджет қаражатын нысаналы игеру, еңбек ұжымдарында сыбайлас жемқорлықты жою, сонымен бiрге адалдық пен ашықтық принциптерiн енгiзу мәселесiн ерекше бақылауға алу тапсырылды.

Мемлекеттiк қызметшiлерге дербес жауапкершiлiк және басшылар, сондай-ақ мамандар тарапынан сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылықтарға жол бермеу туралы ескертiлдi.

Мақаланың шыққан күні: 28.04.2020
Қаралым саны: 150

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2020 Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы: Ақмола обл. Егіндікөл ауд. Егіндікөл ауылы. Победа көшесі 6 индекс: 020699

Телефон: 8 (71642) 2-13-42;

Электрондық пошта адресі: egindykol_kanz@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 8 (71642) 2-17-03 телефон арқылы хабарласуға болады:

Жиі қойылатын сұрақтар