Егіндікөл ауданының әкімшілігі

Зейнетақы мен жәрдемақыны бiрнеше жолмен төлеуге болады деп «Азаматтарға арналған үкiмет» МК» Ақмола облысы бойынша баспасөз қызметiхабарлайды. Бұл тек «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы»КЕАК төлемдерiне қатысты.

Зейнетақы мен жәрдемақы алушылар «Бюджет қаражаты есебiнен мемлекеттiк базалық зейнетақыны ұсыну, сондай-ақ зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру, мүгедектiк бойынша мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақылар, асыраушысынан айырылу және жасы бойынша, уәкiлеттi ұйымнан берiлетiн мемлекеттiк арнайы жәрдемақылар туралыережелерiне сәйкес» зейнетақы мен жәрдемақы төлеудi Мемлекеттiк корпорация келесi жолмен төлейдiбiлуi керек:

- зейнетақы мен жәрдемақы беру бойынша уәкiлеттi ұйымдағы банктiк шоттарға жiберу;

- «Қазпочта» АҚ филиалдары арқылы алушыларға үйлерiне жеткiзу.

Алушының банктiк шотының нөмiрi, төлем әдiсi (жеке немесе карт-шот арқылы), алушының (қорғаншы, қамқоршы) тұрғылықты мекенжайы өзгерген жағдайда, тиiстi өзгертулердi растайтын құжаттармен бiрге осы өзгертулер туралы өтiнiш Мемлекеттiк корпорацияның филиалына алушылар (қамқоршылар, қорғаншылар) бередi.

Зейнетақы мен жәрдемақылары келесi санаттарға жеткiзiлуi мүмкiн:

- мүгедектер және Ұлы Отан соғысының қатысушыларына;

- сексенге толған зейнетақы мен жәрдемақы алушыларға;

- бiрiншi топтағы мүгедектер;

- сыртынан күтiмдi қажет ететiн және денсаулығына байланысты қатыса алмайтындығы туралы медициналық анықтамасы бар адамдарға, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға бара алмайтындарға;

- автоматтандырылған пошта бөлiмшелерi болмаған кезде ауылдық жерде тұратын адамдарға.

Айта кету керек, зейнетақы немесе жәрдемақы есептеу үшiн қарастырылған жеке немесе карт-шот алушының атында болуы керек.Үшiншi тұлғаларға 20 сандық шоттың ашылуы туралы хабарлама берiлмейдi.

«Азаматтарға арналған үкiмет»

мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ

Ақмола облысы бойынша филиалы

Мақаланы құрған күні 26.03.2020
Қаралым саны: 37
© 2020. Егіндікөл ауданының әкімшілігі