A- A A+
Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Қаз  | Рус
Медицина қызметкерлері күні

2019 жылы 13 маусымда аудандық мәдениет үйiнде медицина қызметкерлерi күнiне арналған салтанатты iс-шара өттi.

Аудан әкiмi Ерлан Исабеков құттықтау сөз сөйлеп.

"Медицина қызметкерiнiң кәсiбi демалыс күндерi мен мерекелерiн бiлмейдi,үлкен шыдамдылықты, ерлiк пен жан тыныштығын талап етедi.

Бiздiң ауданда денсаулық сақтау саласының мамандарына көп көңiл бөлiнедi. Тек қана ағымдағы жылы "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша үш медицина қызметкерiне тұрғын үй сатып алуға жалпы соммасы 11 млн. теңгеден астам жеңiлдiктi несие берiлдi,аудандық бюджет есебiнен екi медицина қызметкерлерiне 70 АЕК көлемiнде көтерме жәрдемақы берiлдi. Жаңадан салынған 10 пәтерден тұратын жалға берiлетiн үйлерде дәрiгерлерге екi пәтер бөлiндi.

Алдағы уақытта да әлеуметтiк сала қызметкерлерi, соның iшiнде дәрiгерлер мен медициналық мамандар үшiн қолайлы жағдай жасау үшiн барлық шараларды қабылдайтын боламыз деп сендiргiм келедi", — дедi аудан басшысы.

Денсаулық сақтау жүйесiн дамытуға қосқан үлесi үшiн бiрқатар медицина қызметкерлерi аудан әкiмiнiң, "Nur Otan" партиясы филиалының төрағасының Алғыс хаттарымен және аурухананың бас дәрiгерiнiң мақтау қағаздарымен марапатталды.

Салтанатты шара мерекелiк концертпен жалғасты.

Мақаланың шыққан күні: 13.06.2019
Қаралым саны: 93

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы: Ақмола обл. Егіндікөл ауд. Егіндікөл ауылы. Победа көшесі 6 индекс: 020699

Телефон: 8 (71642) 2-13-42;

Электрондық пошта адресі: egindykol_kanz@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 8 (71642) 2-17-03 телефон арқылы хабарласуға болады:

Жиі қойылатын сұрақтар