A- A A+
Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Қаз  | Рус
Астана Күні

Биылғы жылы бiздiң астана — Астана қаласы өзiнiң 20-жылдық мерейтойын тойлауда. 5 шiлде күнi Егiндiкөл ауылының орталық алаңында «ЕЛ ЖҮРЕГI — АСТАНА» мерекелiк iс-шарасы өткiзiлдi.

Көңiлдi музыка ауыл тұрғындарының көңiл-күй көтерiп, бiр серпiлтiп тастады.

Iс-шара қолөнер және қолданбалы өнер көрмесiмен, салтанатты бөлiмi аудан әкiмi Е. Исабековтiң астана Күнiмен құттықтауымен басталды. Ол Астана қаласы қазақстандықтардың арманы, үмiтi мен барлық буынның болашағы екенiн атап өттi.

Одан әрi iс-шара астананың 20 жылдығының құрметiне медальдармен, Ақмола облысы бойынша мемлекеттiк қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi департаменттiң алғыс хаттарымен, аудан әкiмiнiң алғыс хаттарымен құттықтау рәсiмiмен жалғасты.

Концерттiк бағдарламаға Егiндiкөл, Целиноград және Қорғалжын аудандарының шығармашылық ұжымдары қатысты. Iс-шара мерекелiк отшашумен және 80-шы жылдардың би кешiмен өз мәресiне жеттi.

Мақаланың шыққан күні: 05.07.2018
Қаралым саны: 295

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Егіндікөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы: Ақмола обл. Егіндікөл ауд. Егіндікөл ауылы. Победа көшесі 6 индекс: 020699

Телефон: 8 (71642) 2-13-42;

Электрондық пошта адресі: egindykol_kanz@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 8 (71642) 2-17-03 телефон арқылы хабарласуға болады:

Жиі қойылатын сұрақтар